3332

24 ақпанда «Мәңгілік Ел!» Павлодарға келді. Бір күн бұрын Ақсу қаласында пойыз жолаушылары – әр түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ дәрігерлер мыңнан астам адамды қабылдады. 325 аса маңызды құқықтық мәселе қаралды – бұл ауылшаруашылық, білім және ғылым сұрақтары,  несиелендіру. Тұрғындар тиісті жауаптарын алды, мәселелерін шешті.

         Павлодар қаласындағы делегаттармен алғашқы кездесу «Қоғамдық келісім» КММ-де өтті. Дөңгелек үстелге өңірдегі барлық эномәдени бірлестіктер, облыстық үкіметтік емес ұйымдар және шығармашылық жастар, ЖОО-ның және Қанат Болатұлы Даржұман атындағы ұлттық жаңғырту мектебінің оқытушылары қатысты.

«Возрождение» Қазақстандағы немістер қоғамдық бірлестігі қауымдастығының төрағасы Дедерер Александр Федорович өз сөзінде – Павлодар біздің елімізде зор интеллектуалды әлеуеті бар, ірі кәсіби орталық ретінде жоғары орын алатынын атап өтті. «Біз бүгінгі таңда еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығы кезеңіндеміз, жаңа серпіліс қажеттілігі, алдағы өркендеу жолында жаңа күштерді жұмсау жағдайындамыз. Осы орайда этномәдени бірлестіктердің төрағаларына Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі қоғамдағы рөлі мен маңызын терең ұғыну қажет. ҚХА әлеуеті орасан зор, және ол толық көлемде күшіне енген жоқ. Ассамблея – бұл тек қана ән мен би емес, Ассамблея - бұл ешбір жерде жоқ жаңа және әлі-де зерттелмеген құрылым. Оның қызметі мен міндеттерін біреулерден көшіріп алу мүмкін емес, және мұнда біз өз жолымызбен келеміз. Осы орайда, Елбасы, бүгінгі күні, барша қоғамды Қазақстан халқы Ассамблеясы қандай жаңа рөл атқаратынын ұғынуға шақырады.

Европа әлікүнге дейін саяси дауларды шеше алмады, және Украина біз үшін сабақ болды. Ол жақта қан төгілді. Бұндай жағдай адамдардың басынан бастап ұлтқа, дінге, адамдардың көзқарасына түсіністікпен туындады. Біздер, және ең алдымен европалықтарға, қазақ халқының діліне, оның қонақжайлылығын, оның толеранттылығын саралауы керек. Біз, біздің елімізге жер аударылған, және репрессияға, қорлануға ұшыраған, шын мәнінде ойран болған көптеген халықтардың трагедиялық тағдырлары туралы ұмытпауымыз керек. Қазақстанда бұл адамдар түсіністік тапты, сол себепті біздің елімізде 1 наурызда, алғашқы рет, Ризашылық күні өткізіледі. Бұл біздің елімізде тұрып жатқан, және көптеген халықты қабылдаған адамдарға шын ниетпен алғыс білдіре алатын күн. Менің ойымша, біз өткенге тоқталмай, біздің еліміздің жаңа рухани кейіпкерлері туралы да айтуымыз керек. Бізде тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде, жаңа шамшырақтар қалыптасты. Сол шамшырақтардың біреуі Герольд Карлович Бельгерді жатқызамын, себебі ол адам өзіне, қазақ, неміс және орыс – үш мәдениетті біріктірді. Бүгінгі таңда Герольда Карлович қазақ тілінің айқын білгірі. Оның «Қазақ сөзі» атты шығармасы бүгінгі күні керемет анықтама. Герольд Бельгер сияқты жаңа рухани нысандар біздің Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының бір түрі болуы мүмкін деп ойлаймын». Сондай-ақ, Александр Федорович - Герольд Карлович Бельгер біздің халықтар арасында өзара қарым-қатынасты шабыттандырғаны қазіргі заманғы рухани мәдениеттің маңызды элементі деп айтып өтті.

Іс-шараның барлық қонақтары Павлодар Достық үйіне тәнті болғандарын қуанышпен айтқанын атап өтуі керек. Үгіт пойыздың қатысушысы, «Қостанай облысы азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Динара Қайырбекқызы Өтебаева оны «Бірлік пен келісім сарайы» деп атады. «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекеменің бас сарапшысы Юрий Максимович Самусев тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның полиэтносты халқы бір халыққа айналғанын айтты. Ол туралы зерттеулер нәтижесі көрсетеді. Барлық қазақстандықтардың 95 пайызы  - «Біз Қазақстанның бір халқының өкілдеріміз» деп санайды. Зерттеу нәтижесі туралы ол толығымен айтып беріп, іс-шара соңында «Қоғамдық келісім» КММ кітапханасына ғалымдар мен этномәдени бірлестіктердің кітаптарын табыс етті.

Сондай-ақ «Мәңгілік Ел!» пойызы» жалпы республикалық акциясының іс-шаралары шеңберінде, «Қоғамдық келісім» КММ-де фокус-топ және сараптамалық сауалнама өткізілді. Оған ғалымдар – тарихшылар, саясаттанушылар, қаланың жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары, ЭМБ төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың және дін өкілдері қатысты. Іс-шараның модераторы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов болды. Қорытынды бойынша фокус-топ қатысушылары өңірде этносаралық жағдайға жоғары баға берді, қоғамдағы тұрақтылыққа жағымды немесе керісінше, жағымсыз әсер ететін  факторларды талқылады, этносаралық толеранттылықты сақтау мен нығайту бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне өз бағаларын берді.

Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, делегаттар Павлодар химия-механикалық колледжіне барды. Ондағы сараптамалық алаңдарды көріп, «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттермен танысты. Сондай-ақ, олар бизнес-колледжге де ат басын тіреді. Коллежде оқушылар дайындаған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Одан басқа, үгіт пойыз қатысушылары мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынас жөнінде дөңгелек үстелге және әр түрлі кәсіп пен бағыт өкілдері сөз сөйлеген «Мәңгілік Ел!» ашық алаңына барды.

25 ақпанда пойыз біздің облысымыздың соңғы бекеті, Қазақстанда және оның шегінде танымал, Екібастұз қаласына барады. Бір ай бойы қазақстандықтар медициналық қызметтер алады, сондай-ақ, «Мәңгілік Ел!» жалпыұлттық стратегия туралы білетін болады, құқықтық, қаржылық және бизнес-қызмет алады. «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен ұйымдастырылған 9 вагонды пойыз Қазақстанның барлық өңіріне барады және 33 елді мекендерде тоқтайды. Акция 18 наурыз күні Алматы қаласында Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында аяқталады.

Айтпаев Мақсат

 

Смағұлова Назыгүл

 

 

Фото

3333

Фото

3334

Фото

3335

Фото

3336

Фото

3337

Фото

3338

Фото

3339

Фото

3340

Фото

3341

Фото

3342