3343

 

25 ақпанда қадірменді қонақтар – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай  Республикалық «Мәңгілік Ел» пойызы акциясының қатысушылары «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында кеншілер мекені - Екібастұз қаласына келіп жетті.

Үкіметтік емес ұйымдар, этносаясат, қоғамдық келісім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар бағытында көптеген шаралар:  қала тұрғындарымен кездесулер, консультациялар, фокус-топтар және сараптамалық сауалнамалар, семинар-тренингтердің барлығы «Қайнар» бос уақытты қамту кешенінде өткізілді. Қаланың №2 емханасында тұрғындарға медициналық сауалдар бойынша ақыл-кеңес беру жалғасын тапты. 24 ақпанда Павлодар қаласында 1200 астам тұрғынды қабылдаған мамандар енді Екібастұз қаласында да бұл көрсеткіштің кемімейтініне сенімді болды.

«Қайнар» кешенінің концерт залына «Мәңгілік Ел» пойызының өкілдерімен кездесу үшін 200 ден аса көрермен жиналды. Маңызды шараға оқу орындарының оқытушылары, медицина қызметкерлері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сонымен қатар кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

ҚХА мүшесі, академик, философия ғылымдарының докторы Қазбек Майлыбайұлы Қазкенов өз баяндамасында туған еліміздің жоғары жетістерге жетуі үшін жастар қауымының санасын жаңғырту керек деді.

-              Неге біздің елімізде Билл Гейтс жоқ? Ол 68 миллиард доллардың иесі. Сонда біздің көзіміз, құлағымыз бен миымыз басқа деген сөз бе?  Біз ондай адамды тәрбиелей алмаймыз ба? Біз неге ондай нәтижеге қол жеткізе алмадық, сол жағын ойлай бастадым. Елбасының халыққа арнаған Жолдауы «Жалпыға ортақ еңбек қоғамының әлеуметтік жаңғыруы» негізге алдым. Демек тұрғындардың көзқарасын 180 градусқа өзгертуіміз керек, танымдарын түбегейлі өзгерту керек. Жастарға сенімді болуды, біз ешкімнен кем емеспіз деген түсінікті ана сүтімен саналарына құю керек – дейді өз сөзінде Казбек Майлыбайұлы.

"Мәңгілік ел" пойызының қатысушысы, «Қостанай облысының азаматтық альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Динара Өтебаева өз баяндамасында Ұлт жоспарының бесінші бағыты «100 қадамға» басты назар аударды. Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы азаматтық қоғамның маңызды рөлі, 2016 жылдың алғашқы күндерінен-ақ Елбасының Ұлт жоспарындағы негізгі бастамаларын тәжірибеге енгізумен ерекшеленді, жыл басында жаңа уақыт талабына сай маңызды нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Осыған орай қоғамдағы бар күштерді біріктіру қажеттілігі туды. Соңғы кездері мемлекеттің бірқатар мәселелерді шешуіне қоғам тарапынан белсенділік байқалады. Елбасы өз баяндамасында азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру, мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелі болуын қадағалап отырады. Қоғам мен мемлекет байланысын арттыру керек» - деді Д.Отебаева кездесу барысында.

«Мәңгілік Ел» идеясын алғаш рет мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050 Стратегиясы» жолдауында атап өтті. Біздің бір ғана мәңгілік Отанымыз бар ол – Тәуелсіз Қазақстан, бағыт-бағдар беретін стратегиямыз – ол - «Қазақстан-2050:Стратегиясы». 

 Аталған акцияның басты мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ел бірлігін жастар қауымына насихаттау. «Мәңгілік Ел» жалыұлттық патриоттық идеясы тұғырнамасы – Елбасының салиқалы саясатын ту етіп алға қарай нық аяқ басу.

Айтпаев Мақсат

 

Смағұлова Назыгүл

 

 Фото

3344

Фото

3345

Фото

3346

Фото

3347

Фото

3348

Фото

3349

Фото

3350

Фото

3351

Фото

3352