3324

Қазіргі уақытта «Мәңгілік Ел» пойызы Қазақстанды аралауда. Ауқымды акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Әр адам құқықтық және бизнесті жүргізу сұрақтарына жауап тауып, дәрігердің тексеруінен өте алады. Сондай-ақ үгіт пойыз бағдарламасында қазақстандықтарға бес институционалдық реформаны және «Мәңгілік Ел!» жалпыұлттық идеяларды жүзеге асыруды түсіндіру жоспатланған.

Ақсу бекетінде астанадан келген қонақтарды жүздеген қала тұрғындары күтіп алды. Олардың қатарында: студенттер, ұстаздар мен дәрігерлер, металлургтер мен энергетиктер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қоғам қайраткерлері. Қаныш Сәтпаев, Шәкен Айманов, Сұлтанмахмұт Торайғыров және Ұлы Даланың басқа да біртуар ұлдарының отанында, құрамында 96 маманы бар акция қатысушылары әр түрлі мәселелер бойынша көмекке мұқтаж және көкейінде сауалдары бар адамдарға кеңестер берілді. 

Мемлекеттік және дәрігерлік мекемелердің, мәдениет үйлерінің кабинеттері мен кең залдары кеңес беру шаралары үшін акция қатысушыларына ұсынылды. Осы күні Ақсу ауданының тұрғындары әділет және мемлекеттік қызмет көрсету, бизнес пен кәсіпкерлік, медицина, білім және ғылым мәселелері бойынша жауаптар алды. Ауылшаруашылық мәселелері бойынша біліктілік кеңестер Ақсу ауданы Евгеньевка ауылының Мәдениет үйінде өтті.

«Бізбен бірге пойызда ғылыми дәрежелері мен тәжірибесі жоғары 34 кәсіби дәрігер бар. Бұл пойыз қатысушыларының көп бөлігі. Сегіз күннің ішінде Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарында 2,5 мыңнан астам адамға медициналық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетілді» - деді пойыз мүмкіндігі мен құрамы туралы пойыз штабының жетекшісі, Л.Гумилев атындағы ұлттық университеттің халықаралық қатынастар кафердрасының доценті Әміржан Қайырұлы Әлпейісов. 

 Таңертеңнен кешке дейін қалалық әкімдіктің конференц залында Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық қабылдау жұмыстарын жүзеге асыруға Ақсу қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкенов, Павлодар облысы ҚХА төрағасының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев, пойыз штабының жетекшісі, Л.Гумилев атындағы ұлттық университеттің халықаралық қатынастар кафердрасының доценті Әміржан Қайырұлы Әлпейісов, ҚХА мүшесі, академик, философия ғылымдарының докторы Қазбек Майлыбайұлы Қазкенов, «Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестігі Қауымдастығы» ЗТҚ төрағасы Александр Федорович Дедерер, Павлодар облысы Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Шаханқызы Максилова, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекеменің бас сарапшысы Юрий Максимович Самусев, заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Динара Қайырбекқызы Өтебаева, Ақсу ауданы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен қатысушылары, қаланың құрметті тұрғындары қатысты. «Мәңгілік Ел!» идеяларының және «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру негізгі ережелерін түсіндіру Қоғамдық келісім кеңесі жұмысының басты міндеті болып анықталды.

Іс-шара шеңберінде алаң қатысушылары пікірталасқа белсене қатысып, кездесу барысында туындаған идеялармен және бастамалармен алмасты. Ақсу қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкенов өз сөзінде былай деді: «Бүгінгі кездесу Елбасы ұсынған идеяны түсінуге және оны жүзеге асырудың аса тиімді жолдарын бірлесіп анықтауға көмектеседі. Ақсу қаласы, ең басты құндылығы – адамдарымен ерекшеленетінін атап өту керек. Бір үйлесімді команда болып біз тұрғындарымыз үшін жайлы жағдай жасауға тырысамыз. Бұл оңай міндет емес. Бұл міндетті тек бір-бірімізді түсініп, қолдай отыра жүзеге асыра аламыз». Сонымен қатар, Қайрат Теміршотұлы - «Мәңгілік Ел!» - бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін және біздің еліміздің болашағының іргетасы болып табылатын ұлттық идея. Біздің міндетіміз – бірлік пен келісімді сақтап қана қоймай, толерантты және патриоттық сезімі жоғары ұрпақты тәрбиелеу,  деп атап өтті.

Ақсу қаласындағы маңызды шараларға толы күн С.Дөнентаев атындағы Мәдениет үйінде өткен мерекелік концертпен аяқталды.

 

Айтпаев Мақсат

 

Смағұлова Назыгүл

 

 

 

Фото

3325

Фото

3326

Фото

3327

Фото

3328

Фото

3329

Фото

3330

Фото

3331