3269

Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқытушысы Аракелян Сусанна Дерениковна оқушыларға «Көктемді қарсы алу» тақырыбын тереңдете ашу мақсатында Достық үйінің алаңында «Терендез» мерекесін ұйымдастырды. Бұл күні мектеп оқытушылары «Айреник» армян этномәдени бірлестігімен бірлесе отыра балалар мен олардың ата-аналарына этнос мәдениетіне баулуға үйлесімді жағдай жасады. Бейбітшілік пен келісімді дамытуға бағытталған жанұя мерекесі терендезге лирика, эксперессия, театрландырылған көріністер қосылды. 

Терендез – 13-ші ақпан күні тойланатын армян халқының ұлттық мерекесі болып табылады. Бұл мереке орыс халқының масленицасына өте ұқсас болып келеді.

Мерекенің түп-тамыры пұтқа және отқа табынудан көрініс табады. Алғашында бұл мейрам атауы «дерендез» болған, оның аудармасы «сіздің үйңіздің алдына орам шөп» - ол амандық, саулық жер құнарлы болуының  тілегі болып табылады. Христиан дінін қабылдағаннан кейін бұл мереке терендез деп атала бастады. «Тере» – бұл жаратушы деген мағынаны білдіреді. Мейрамның басты қатысушылары жастар мен жана ғана отау құрғандар, сондай-ақ осы жылы үйленуді жоспарлайтындар.     

Терендез көңілді мейрам. Мерекенің басты символы алау болып табылады. Бұл мерекені қалай қарсы алсаң – сол жылды солай өткізесің деген сенім бар. Сондықтан бұл күнді жұртшылық көктем бақыт, молшылық әкеледі деген оймен көтереңкі көңілмен қарсы алады.

Өз сөзінде «Павлодар облыстық «Айреник» армян қоғамдық бірлестігінің төрайымы Петросян Эльмира Бениковна барлық іс-шара қатысушылараны жақсы көңіл-күй мен аңсаған армандардың орындалуын тіледі.

Терендезге қатысушылар алауды жеті рет айналып оны үш рет секіріп өтті. Салт бойынша шырақты бірінші болып бірін-бірі сүйетін жастар қол ұстасып секіріп өтуі керек. Бұл тапсырманы қолдарын үзбей өткен жастардың өмірлері бақытты, махабаттары мәңгілік болады деген сенім бар.

Жастар алауды секіріп өткен кезде үлкендер оларға бидай дәндерін шашады. Бұл салттың мағынасы жанұялық өмірге шаттық тілеу болып табылады. Армян халқы бұл дәстүр кезінде от жаңарудың ерекше күшіне ие болады деп біледі. Шырақ сөнген кезде оның қалдықтары мен күлін күзде жақсы өнім болады деген сеніммен егістік далаларына шашады.

Бұл күні Достық үйінің фойесінде армян халқының қолданбалы қолөнер туындылары мен әдебиет көрмесі ұйымдастырылы. Сахына төріндегі мерекелік бағдарламада «Айреник» этномәдени бірлестігінің «Наири» хороеграфиялық ұжымы «Тавих» биімен, «Эребуни» вокалдық ұжымы «Туған өлке» әнімен, ал ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары армян тілінде тақпақтар айтып жарқырады. Шара соңында барлық қонақтар ойындарға қатысып, ұлттық тағамдардан дәм татты.

 

Айтпаев Мақсат 

 

 

Фото

3270

Фото

3271

Фото

3272

Фото

3273

Фото

3274

Фото

3276