3256

Өткен демалыста қонақжай Достық үйінде керемет адам, ақын, балалар жазушысы – Агния Бартоның мерейтойына арналған мереке өтті. Музыкалық әдебиеттік мереке славян Агния Бартоның мәдени орталығының кітапханасымен және Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шараға 200-ге жуық әр түрлі жастағы балалар және олардың ата-аналары қатысты.

         Агния Львовна – 1906 жылдың 17 ақпанында Мәскеуде дүниеге келген. Сол жерде ол оқып, есейді. Ол гимназияда керемет білім алды және сол кездері өлең жаза бастаған. Гимназияның көптеген тәлімгерлері сияқты ол да Ахматованың шығармаларын сүйді және соған ұқсауға тырысты. Дәлірек айтқанда, «күміс ғасыр» туындылары Агния Бартоның балалар шығармаларында жазушысы үшін маңызды қасиеттерді тәрбиеледі, бұл – сөзге деген таусылмас құрмет.

         1925 жылы жазышының «Китайчонок Ван Ли», «Мишка воришка» атты балаларға арналған алғашқы өлең кітапшалары басылып шықты. Балалар үшін жаңаша поэзияның қаншалықты маңызды екендігін, болашақ азаматтың тәрбиесінде қандай рөл атқаратыны туралы Маяковскиймен әңгімесі Бартоның поэзия бағытын таңдауында шешуші рөл атқарды. Жаңа кітаптар бірінен соң бірі шықты. Олардың қатарында: «Братишка» (1928), «Мальчик наоборот» (1934), «Игрушки» (1936), «Снегирь» (1939). Бартоның өлеңдері бірден әйгілі болды, оны барлық ел сүйді.

Агния  Львовна әрқашан көп жұмыс істеді, кітаптар жазды, балалармен кездесті, жас ақындарға қолдау көрсетті. Көп жылдар бойы Барто балаларға арналған әдебиет пен өнер қайраткерлері Қауымдастығын басқарды, Халықаралық Андерсендіктер қазыларының мүшесі болды. 1976 жылы Х.К.Андерсен атындағы халықаралық сыйға ие болды. Бартоның өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

 

«Наша Таня громко плачет,

Уронила в речку мячик,

Тише, Танечка, не плачь,

Не утонет в речке мяч!» - бәлкім, Бартоның бұл өлеңін барлығы білетін болар!

Осы мерекелік кеште барлық қонақтарға А.Бартоның шығармашылық әлеміне саяхал жасауға Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары өз көмектерін көрсетті. Олар ақынның өлеңдері бойынша әдебиеттік композицияны дайындады. Оның өлеңдері ғажап музыкалды болып келеді, олардың көбі әнге айналғаны жайдан жай емес. Павлодар қаласының №1 музыкалық мектептің оқушысы Жаткина Карина «Ножками затоптали» әнін орындады. Ақынының мерейтойына арнап болгар этномәдени бірлестігінің мүшесі Злата Казанжи өзі жазған әнді орындады. Павлодар қаласының №1 музыкалық мектеп оқушысы Богатыренко Милана «Первая любовь» өлеңін орындады, Роман Новосельцев белгілі ақынның өлеңіне жазылған «Две бабушки» әнін орындады.

Кештің кішкентай қонақтары балалар жазушысының оннан аса шығармаларын тыңдады.

Славян мәдени орталығы 2015 жылғы желтоқсанда «А.Барто – всем детям ровесница» атты халықаралық байқауды жариялаған болатын. Ұйымдастырушылар Агния Бартоның өлеңдері ХХІ-ғасырдың балаларына түсінікті ме, оның шығармалары қазіргі замандағы оқушыларға керек пе деген сұрақтарға жауап тапқылары келді. Осы сұрақтардың жауабы байқауға қатысушылардың жұмыстарында. Бұл шараға Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, және Ақмола облысынан, Ресей Федерациясының Новосібір және Омбы қалаларынан және де Германиядан 1-11 сыныптағы 400-ден астам оқушы қатысты. Ақынның шығармасына деген сүйіспеншіліктерін балалар өлеңдерінде, әдебиеттік эсселері мен суреттерінде көрсетті. Құрамында Елена Игнатовская, Ольга Григорьева, Елена Вайберт, Марина Юрченко сияқты ақындар және суретші Александр Колодин енген көрнекті әділ-қазылар жұмыстарды бағалады. Сондай-ақ іс-шара шеңберінде халықаралық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Айтпаев Мақсат

Смағұлова Назыгүл

 

 

Фото

3257

Фото

3258

Фото

3259

Фото

3260

Фото

3261

Фото

3262