3250

Қайырымдылық – бұл жақын адамға қол ұшын беру, бұл жан дүниенің ерекше күйі. Барлық қайырымдылық жасаушы адамдарды біріктіруші бір қасиет бар – бұл әр нәрсеге немқұрайлы қарамайтын адамдар, бұл адамдар әдемі сөздер үшін емес, жалпы адамдық қажеттілік үшін әрекетке баратындар.

12 ақпанда Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы  Аналар кеңесі мүгедек балалры бар, аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы көмек көрсету мақсатында «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акцияға «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы, «Возрождение» облыстық немістер қоғамы» ҚБ, «Шешен-ингуш мәдени орталығы» ҚБ, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ҚБ облыстық филиалы, «Славян мәдени орталығы» ҚБ, «Мерказ» Павлодар облыстық еврейлер этномәдени бірлестігі, «Буковина» румын мәдени орталығы» ҚБ, Павлодар облысының финно-угор этномәдени орталығы» ҚБ төрағалары мен төраға орынбасарлары, сондай-ақ облыстық ҚХА хатшылығының басшылығы қатысты.

Осы күні акция ұйымдастырушылары алты баланың отбасына көмек көрсетті, олардың көбі церебралды сал ауруына шалдыққандар және мүлдем қозғалмайды. 3 жасарлық Иманбаев Асланды және 8 жасарлық Куликова Кристинаны жалғыз басты аналар тәрбиелеуде. Балалардың көбінде кішкентай іні-бауырлары мен сіңлі-қарындастары бар, барлық отбасылар жатақханаларды жалдап паналауда. Акция шеңберінде балалардың ата-аналарына азық-түлік берілді. 6 жасарлық Жұмагелді Алдиярға қақырықты жинақтауға арналған инголятор, 6 жасарлық Айтенова Дильназға – жылы күртеше, 3 жасарлық Верончихина Дианаға жаттығу жасау үшін велосипед; жас отбасыларға керекті, алғашқы қажетті заттар – ақ жаймаларға арналған кептіргіштер, шәйнектер табыс етілді.

Осы күні отбасыларға 150 мың теңгеге жуық сомаға көмек көрсетілді. Сондай-ақ ұйымдастырушылар ойыншықтар дүкенінің директоры Разумова Елена Николаевнаға балаларға арналған ойыншықтарға жеңілдік көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреді.

«Мүмкін біздің көрсеткен көмегіміз – теңіздің бір тамшысы болар» - деп өз пікірлерімен Аналар кеңесінің мүшелері Максилова Бақытжамал Шаханқызы және Николашина Ольга Леонидовна бөлісті, - «Бірақ «Қайырымдылық керуені» акциясы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар осымен тоқтатылмайды. Бүгінгі біздің сапарымыз, үлкен проблемамен жападан жалғыз қалған, үмітін үзген аналармен пікірлесуіміз олардың психологиялық жағдайына жақсы әсер етті деп есептеймін, мүмкін олардың кейбірі бірнеше ай ішінде біздерге алғаш рет күлімдеген болар» – деп Ольга Леонидовна өз сөзін жалғастырды.

Айтпаев Мақсат

 

Смағұлова Назыгүл

 

 

 

Фото

3251

Фото

3252

Фото

3253

Фото

3254

Фото

3255