3243

Павлодар Достық үйінде татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы, Павлодардың құрметті азаматы Минир Галеевтің 75 жасқа толу мерейтойы аталып өтілді.

         Осы күні мерейтой иесін құттықтауға облыстың басқарма басшылары, ірі кәсіпорындар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, жастар бірлестіктерінің өкілдері келді. Салтанат иесіне қонақтар бірнеше жылы лебіздер мен тілектер айтты, оған гүлдер мен сыйлықтар сыйлады.

         Облыс әкімінің орынбасары Ғани Сәдібековтың айтуынша Минир Галеев атқарған жұмыс жылдары ішінде өзін сауатты басшы, шеберлі ұйымдастырушы, беделді тәлімгер ретінде көрсете білді. Сонымен қатар ол қазірде белсенді өмірлік ұстаныммен, қоршаған адамдарға шын көңілді қарым-қатынасымен белгіленеде.

-  Минир Хамитович өз қызметін қарапайым жұмысшы болып бастап, кейін біздің облысымыздың маңызды кәсіпорындарды басқарды. Тәуелсіздіктің жаңа құрылған қиын кезеңдерде ол өз кәсіпорнын және жұмыс орнын тек қана сақтап қана қоймай, оны әрі қарай дамыта бастады, алға қарай ұмтылды. Мен одан – «Олай жасау сіздің қолыңыздан қалай келді?» - деп сұрағанымда, ол – «Ауыр кезеңдер болмайды, тек қана кішкентай проблемалар балады. Бастысы одан қорықпау керек.» - деген ақсақал деп Ғ.Сәдібеков өз сөзін аяқтады.

Кездесуде Ғани Сәдібеков мерейтой иесіне мықты денсаулық, аманшылық және отбасы бақытын тілеп, соңынан облыс әкімі Қана Бозымбаевтың атынан құттықтау хатты оқып, табыс етті.

Іс-шара барысында қонақтарға бейнефильм көрсетілді, оның арқасында келген адамдар Минир Галеевтің өмірбаянынан бірнеше қызықты деректерді білді.

Ол 1941 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданының Тастөбе кентінде туды. 1959 жылы 7 сыныпты аяқтаған соң ол жұмысшы жастар мектебіне баруды шешті. Оның еңбек қызметі 15 жасынан басталды, ол құрылыс-монтаж кеңсесіне жұмысқа түсті, бір жылдан соң шахтаға жұмысқа түсті, онда шахтер болу балалық арманы орындалды.

1977 жылдан 1980 жылға дейін Павлодар қиыршықтас карьераның басшысы болып қызмет атқарды, ал 1980-1982 жылдары Ақмола облысының Ерейментау кірпіш зауытының жетекшісі болды. 1982 жылы Минир Галеев Павлодар  жол-құрылыс материалдары комбинатын басқарды. 1987 жылы құрамына Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан және Семей облыстары кіретін жол-құрылыс материалдардың өндірістік бірлестік ұйымдастырылды.

Минир Хамитович белсенді қоғамдық қызметті жүргізді. 1991 жылдан бастап ол татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығында жұмыс істесе, 1993 жылдан бастап, жуырда өз 25 жылдығын атап өткен бірлестікті басқарды. Кездесуде меретой иесінің әріптестері мен достары ол туралы жақсы пікірлер айтты, оларға қажетті қолдау, көмек көрсеткені туралы бірнеше өмірлік сәттерді еске алды. Оның көптеген жолдастары Минир Хамитович олар үшін кең пейілді жан, ерліктің, табандылық, адамгершілік үлгісі. Дәл осы сапасы мен абыройы үшін облысымызда да оның шегінде де оны бағалайды және құрметтейді.

Марина КИСЕНКО,

 «Звезда Прииртышья» Павлодар облыстық газеті

аудармасын жасаған Смағұлова Назыгүл

 

 

Фото

3244

Фото

3245

Фото

3246

Фото

3247

Фото

3248

Фото

3249