3263

Өткен жексенбі күні Достық үйінің концерттік залы облыстық этномәдени бірлестіктердің жастарын құшақ жая қарсы алды. Мәдениет үйінің кең холында «Сенім, Үміт және Махаббат» атты этномәдени бірлестіктердің жоғары сынып оқушыларына арналған мерекелік шара өтті. Оның ұйымдастырушысы болып Славян мәдени орталығы және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің этномәдени бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімі атанды.

Жыл сайын 14-ші ақпанда әлемдегі көптеген адамдар «Ғашықтар күнін» атап өтеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша, осы күнді атап өтетіндер сүйікті адамдарына гүл, ойыншық немесе тілектер жаылған ашық хаттар сыйлайды.

Мерекелік бағдарлама барысында жас павлодарлықтар қызықты сайыстарға қатысып көңілдерін көтерді, тапқырлықтары мен күш-жігерлерін көрсете білді. Шара соңында жастарға арналған би кеші ұйымдастырылды.

 

Айтпаев Мақсат

 

 

Фото

3264

Фото

3265

Фото

3266

Фото

3267

Фото

3268