3277

 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелері «Бірлік» ассамблеясының белсенділерімен кездесті.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тақырыбы арқау болды. 

Кездесуге Павлодар облысы ҚХА ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері және С. Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдары: т.ғ.д., профессор Сәуле Мамытова, с.ғ.к., профессор Ғани Елмұратов, т.ғ.к., доцент Гүлфайруз Жапекова қатысты. 

Кездесуде қонақтар студенттер арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау және саяси мәдениеттің дамуы туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық-саяси ролі, сайлаудың демократиялық негіздерін талқыға салды.

Бұдан өзге сарапшылар мен ғалымдармен жүздесу арқылы студенттер алда болатын сайлаудың өту барысы мен сайлау ережелерімен таныс болды. 

Еркін әңгіме барысында студенттер мен ғалымдар Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан шығатын депутаттар, саяси партиялар мен заң негіздеріне қатысты мәселелерді қозғап, студенттер сауалдарына жауап алды. 

С.ғ.к, профессор Ғани Елмұратовтың ескеруінше, Қазақстанның жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер табалдырығында тұрған кезінде кезектен тыс өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы ел үшін маңызды қадам саналмақ. 

–  Кезектен тыс өткелі тұрған сайлаудың өзі мемлекетіміздің нақты істерді жүзеге асырып, Мемлекет басшысы белгілеген межеге жылжудың, бір орында тұрып қалмай дамуға қадам басқанымыздың көрінісі. Ендігі Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайланған халық қалаулыларына зор міндет жүктелгелі тұр. Бұл жауапкершілікті барша қазақстандықтар түйсініп отыр деп ойлаймын, – деді Ғани Жұмабайұлы. 

Ал «Бірлік» студенттік Ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов өз сөзінде ел болашағы үшін әр дауыстың салмағы бар екені айтып өтті. 

– С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мемлекет үшін маңызды әр іске жұмыла кірісіп кетеді. Сондықтан, бұл жолы  да біз өз азаматтық белсенділігімізді танытамыз, – деді Рамиль.

С. Торайғыров атындағы ПМУ баспасөз қызметі

 

 

Фото

3278

Фото

3279