3222

 

Өткен жексенбі күндері Рождественко селолық округының «Ластівка» украин этномәдени бірлестігінің онжылдығына орайластырылған мерейтойлық концерт өтті.

         Мәдениет үйінің фойесінде қонақтарды кітапханашы Ирина Голованова дайындаған  қолданбалы өнері және украин ұлттық тұрмысының бұрышы қарсы алды. Слайд-шоу украин орталығының тарихын бейнеледі. Залдағы атмосфера өте жылы ниетті болды. Мерейтой иелерін тек қана Рождественко тұрғындары емес, достары да, әріптестері де, бір сөзбен айтқанда,  «Ластівка» шығармашылық өміріне бей-жай қарамайтын адамдар келді. Мысалы, мерейтойлықтарға Роза Шамкенқызы қонаққа келді. 2006 жылы Рождественко ауылында украин орталығы ашылған кезде Роза Шамкенқызы Павлодар ауданы әкімінің орынбасары болған, қазір ол Павлодар қаласының ішкі саясат басқармасы бөлімінің басшысы.

-                     «Біз этномәдени бірлестігін құрған кезде, басынан бастадық, костюмдер болған жоқ, орталық мектеп кітапханасының кішкендай үй-жайында паналады, жастар, әсересе ер адамдар жетіспеді. Бүгінгі күні оның жетістігіне сүйсіне қараймыз. Ұлттық костюмдері мол, әндері мен билері әралуын, ал жастар қойылымдарға белсене қатысады – деді Роза Шамкенқызы. «Мен «Ластівка» бірлестігіне жетістік, әрдайым алға қарай ұмтылуын, әрдайым бірге болуын, аға буынның кеңесін тыңдауын, бірлікті сақтауды тілеймін. Әрдайым мәдениеттің осындай өзара түсіністігі болсын» – деп ол өз тілегін айтып сөзін қорытындылады.

Мерейтой иелеріне айтылған жылы лебіздер мен тілектер  Нина Чуланованың атынан да айтылды, ол кезде ол Рожденственко ауылдық округының әкімі болды және украин ұлттық-мәдени орталығының ашылуының бастамашысы болды.

Украин халықтық әніне деген сүйіспеншілік әр түрлі кәсіптегі және әр түрлі жастағы адамдарды біріктірді. Он жыл ішінде «Ластівка» қанатын жайды – ол ауылдық, аудандық және облыстық конкурстардың тұрақты қатысушысы, олардан жиі жеңіспен оралып отырды. Ұжымның басты мақсаты – халықтық дәстүрлеріді жандандыру, шығармашылық мұрасын және украин халықының өнерінің ерекшелігін сақтау.

Рожденственко ауылдық округының қазіргі әкімі Оралбек Қапенов және аудандық Мәдениет үйінің директоры Риза Аяпбергенова мерейтой иелерін құттықтап, сыйлықтарын, украин этномәдени бірлестігінің белсенбі мүшелеріне Құрмет грамоталарын және алғыс хаттарын табыс етті.

 

Сондай-ақ, шақырылған қонақтардың арасында Ақсу қаласынан «Криницы» вокалдық ансамблі, Ефремовка ауылынан корей этномәдени бірлестігі және Ольгина ауылынан белорус ұлттық-мәдени орталығы болды.

Асемгүл Сүйіндікова

 «Нива» Павлодар аудандық газеті

 

аудармасын жасаған Смагулова Назигуль

 

 

Фото

3223

Фото

3224

Фото

3225

Фото

3226

Фото

3227

Фото

3228

Фото

3229

Фото

3230

Фото

3231

Фото 

3222