3206

 

Өткен сенбі күні Достық үйінде «Нарды» ұлттық ойын бойынша турнир өтті. Іс-шара ұйымдастырушы - «Ватан» әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі. Логика мен сезгіштік жарысында Павлодар облысы әзербайжан ЭМБ-нің жастары мен белсенділері қатысты.

Аталмыш жарыс Павлодардың атақты тұлғасы, облысымызда спортты дамытуға елеулі үлес қосқан Ибрагимов Маис Исмаиловичке арналды. Маис Исмаилович павлодарлық баскетболдың дамуына және қалыптасуына елеулі үлес қосты. Өл көп уақыт «Иртыш-ПНХЗ» командасының басшысы лауазымында жұмыс атқарды. Оның әріптестері мен достары «Бұл өз ісінің нағыз шебері болды» – деуші еді.

Жарыс нәтижесі бойынша серпінді тартыста Ибрагимов Ровшанның жолы болды. Екінші және үшінші орын иегерлері Бабаев Фарман және Мамедов Назим атанды.

Әлемнің барлық құрлықтарында кеңінен таралған ойындардың бірі – нарды. Оны Батыста бэкгэммон, немесе триктрак деп те атайды. Бұл адам ойлап тапқан ең демократиялық ойындардың бірі. Нардыны әр түрлі жастағы адамдар қызығушылықпен ойнайды. Бастапқыда ойыншыларда бірдей мүмкіндік болғанымен, кейін есепті, логиканы, сезгіштікті, тәуекелге бара білуді, және аздаған сәттілікті талап ететін динамикалық тартысты ойын болып табылады.

 

Ойын біздің өмірімізге ұқсас! Және жарыс ұйымдастырушылары оны  жақсы біледі!!!

Айтпаев Мақсат

 

аудармасын жасаған Смагулова Назигуль

 

 

 

Фото

3207

Фото

3208

Фото 

3206