3184

Балалар үйінің балаларын Достық үйінде әрдайым құшақ жайып қарсы алады. Олар облыстық этномәдени бірлестіктері өткізетін көптеген мерекелік іс-шаралардың тұрақты қонақтары. Өткен жұмада Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушілері Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінде саяхат жасады. «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің  жастармен және балалармен жұмыс жөніндегі бөлімі Павлодар облысы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесімен бірлесіп іс-шараны ұйымдастырды.

Қонақтарды Достық үйінің кіреберісінде қазақтың ұлттық дәстүрімен, шашу шашып қарсы алды. Кейін Достық үйіне саяхат ұйымдастырылды. Қонақтарға облыстық этномәдени бірлестіктердің офистері, оқу кабинеттері, хореографиялық залдар, кітапхана мен мұражай көрсеттілді, Қанат Болатұлы Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің жұмысы таныстырылды. Саяхатты облыстық бірлестіктердің жастары өткізгенін қуанышпен атап өту керек.

Іс-шараның екінші бөлімінде балалар топтарға бөлінді, оларды татар-башқұрт, белорус, неміс, славян, финно-угор этномәдени бірлестіктерінің салт-дәстүрлері әлеміне саяхат күтіп тұрды. Кабинеттерде ЭМБ-дің жастары этнос тарихы, дәстүрлері туралы әңгімелеп, қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм татырып, ұлттық ойындар ойнады.

«Бүгін бізде ғажап күн болды. Достық үйі қонақтарға толды. Есте қаларлық сәттердің бірі конференц-залдағы отырыс еді. Дөңгелек үстел басында жиналған балалар Қазақстандағы бейбітшілік пен бірлік туралы әңгімелесті. Болашақ ұрпаққа басты байлығымыз бейбітшіліктің қаншалықты маңызды екендігі, оны сақтау және дамыту туралы пікірлерімен алмасты – деп, татар-башқұрт этномәдени орталығының жастар бірлестігінің төрағасы Ринат Абдулкаюмов өз пікірін айтты.

Мақсат Айтпаев,

аудармасын жасаған Смагулова Назигуль

 

 

Фото

3185

Фото

3186

Фото

3187

Фото

3188

Фото

3189

Фото

3190

Фото

3191

Фото

3184