3192

10-шы қаңтарда Павлодар облысында «Қамқорлық» республикалық акциясы басталып, 10-шы ақпанға дейін жалғасатын болады. Акция мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.   

Қайырымдылық бұл  –  адамзатты сыйластыққа, сүйіспеншілікке жетелейтін мейірімді әрекет. Бұл біреудің қайғысына деген жанашырлық сезімнің нәтижесі болыт табылады.. «Қуана алсаң – қуан, қуанта алсаң – қуант» –  дейді халық даналығы. 

            Ақпан айының 3-і мен 4-і аралығында «Достық» концерттік залында «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында қайырымдылық концерттері ұйымдастырылды. Іс-шаралар церебралды сал ауруына шалдыққан 3 жастағы Абай Жансая мен 4 жастағы Кәрім Мержасқа арналды. Шараны облыстық «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» мен  Павлодар қаласының №19, №22, №24, №10 мектептері, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық ҚХА хатшылығының көмегімен ұйымдастырды.    

Концерттік бағдарламаға облыстық «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасының» «Ару ана» ансамбілі Павлодар қаласы мектептерінің көптеген талантты оқушылары, әншілері мен бишілері атсалысты. Акция нәтидесінде екі күн ішінде 273200 теңге жиналды. Барлық қаражат Жансая мен Мержастың ата-аналарына табысталды.

Айтпаев Мақсат

Фото

3193

Фото

3194

Фото

3195

Фото

3196

Фото

3197

Фото

3198

Фото

3199

Фото

3200

Фото

3201

Фото

3202

Фото

3203

Фото

3204

Фото

3205

Фото

3192