3175

31-ші қаңтарда сағат 15.00-де Достық үйінің акт залында «Ол көп адамдарға өмірге жолдама берді» (Харбин политехникалық университеті жөнінде) атты көрменің ашылуы өтті. Бұл көрме Александр Солженицин атындағы Орыс шетелдігінің үйімен (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) Павлодар қаласындағы Славян мәдени орталығына және Анастасия Цветаева атындағы мұражайына берілді.   

Бұл көрмені Павлодарға Александр Солженицин атындағы Орыс шетелдігі үйінің маманы, көрменің авторы, ақын, публицист, Халықаралық жазушылар гильдиясының мүшесі Егорова Надежда Алексеевна арнайы әкелді.

Шара барысында тағдыры Павлодар қаласымен байланысты адамдарға арналған «Орыс Харбині» атты кездесу кеші өтті. Олардың қатарында Павлодар қаласының мәдениетіне, білім беру саласына, медицинасына үлес қосқан адамдар: мүсінші И.П. Лопатин, Павлодарлық бірінші опереттаны ұйымдастырған А.В. Егорова-Лопатина, фониатр-дәрігер Е.Н. Иванова, педагог В.Н. Флейшер, Ермаковтар және Горшковтар жанұялары.

Шараға Павлодар облыстық көркемөнер және Шафер атындағы мұражайларының мамандары, харбиндықтардың ұрпақтары, Славян мәдени орталығының шығармашылық ұжымдары және әнші Светлана Немолочнова қатысты. Іс-шара соңында Никиты Михалковтың «Русский Харбин» атты деректі фильмі көрсетілді. 

 

Славян мәдени орталығының

 

ұйымдастыру комитеті

 

 

Фото

3176

Фото

3177

Фото

3178

Фото

3179

Фото

3180

Фото

3181

Фото

3182

Фото

3183

Фото

3175