3071

Қаңтардың 6-шы жұлдызында облыстық Достық үйінің мәжіліс залында «Славяне» Павлодар облыстық болгар ұлттық мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі «Рождество-Коледа» атты  дәстүлі  мерекені қуанышпен қарсы алды. Мерекеге қала тұрғындары мен қонақтары, облыстық этномәдени бірлестіктің белсенді мүшелері атсалысты.

 

Болгарияда Рождество мерекесін екі күн тойлайды. Рождество алдындағы кеш «Будний вечер» деп аталады. Ескі дәстүр бойынша мереке қарсаңында әзірленген тағамдар жеңіл болуы қажет. Дәстүрлі тағамдарға толы  әдемі үстелге кеш қонақтарының барлығы шақырылды. Шара барысында қатысушылар үстел басына отырып, христиан жанұясына сай дұғасын оқыды. Сонымен қатар жас қатысушылар ана тілдерінде түрлі ән айтып, өлең оқып, жиналған қауымды қуантты.

 

Этномәдени бірлестіктердің мүшелері дәстүрдің шығу тарихын айтып, қонақтарға ұлттық тәттіліктерден дәм татқызып, әдет-ғұрып бойынша жаңғақтар арқылы болашақты жорыды. Қонақтар арасында түрлі ойындар өткізілді, ал дұрыс жауап үшін естелікке сыйлықтар беріліп, мерекелік көңіл сыйлады. Кеш соңында болгар этномәдени бірлестігінің төрайымы Шатова  Валентина Николаевна жиналған қауымға ризашылығын білдіре отырып, өз лебізін білдірді.

 

                                      

 

Айтпаев Максат

 

 

Фото

3072

Фото

3073

Фото

3074

Фото

3075

Фото

3071