2989

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» қоғамдық акциясы аясында Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің шығармашылық ұжымдары 26-шы қараша күні «Балалар ауылында» өткен мерекелік бағдарламаға атсалысты.

Бұл күні өткізілген көңілді сайыстар, ән мен би, сиқыршы өнері, сондай-ақ көптеген сыйлықтардың барлығы жас тәрбиеленушілерге арналды. Аталған іс-шараның демеушілері қатарында Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, «Қазақстан құрылыс жинақ банкі» АҚ ПОФ, «Мак-ди» ЖШС, «Ресей Жинақ банкі» ПФ, «Крендель» ЖШС және т.б.

Балаларға арналған мереке барысында «Т.Г. Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ұжымы, Славян мәдени орталығының әншіері София Головчук пен Полина Петрова және «Мерказ» еврей этномәдени бірлестігінің «Ана ахну» тобы кішкентай көрермендерге арналған концерттік бағдарламсын ұсынды.

 

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

 

медиа қамтамасыз ету бөлімі

 

 

Фото

2990

Фото

2991

Фото

2992

Фото

2993

Фото

2994

Фото

2995

Фото

2996

Фото

2997

Фото

2989