2867

13 қазанда Қарттар күніне орай «Қоғамдық келісім» КММ акт залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға 30-дан астам этнос өкілдері, Ассамблея атты үлкен жанұяның ардақты азаматтары арнайы шақырылды.

          Елімізде бейбітшілік пен келісімнің дамуына көптеген жылдыр бойы үлесін қосқан қарияларға тілектері мен жылы лебіздерін білдіре отыра облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары С.Қ. Жетпісбаев, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы О.Ә. Қайыргелдинов, облыстық ҚХА жанындағы «Ақсақалдар алқасының» төрағасы М.Х. Галеев, облыстық мұсылман-әйелдер лигасының облыстық бөлімшесінің төрайымы Б.Ш. Максилова, белорус этномәдени бірлестігінің ардагері В.Г. Рак, облыстық ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрайымы Э.С. Паули сөз сөйледі. 

         Мейірімділік пен даналық думанына орай үлкен мерекелік дастархан жайылды. Іс-шара барысында қарияларға таныс және жүректеріне жақын әндер көптеп айтылды, ал олар өз алдында бір-бірімен кездесіп, әңгімелесіп, көңлдерін көтеруге мүмкіндік алды.

          

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

 

медиа қамтамасыз ету бөлімі