2694

Қыркүйектің 11-ші жұлдызында Павлодар қаласында Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Ұлы дала елі» атты республикалық мәдени-тарихи экспедициясы өз бастауын алды.

Іс-шара Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында ұйымдастырылған үлкен жыйынмен басталды. Дөңгелек үстел отырысына өңір ғалымдары, жоғары оқу орындары мен мектеп ұстаздары, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен студент жастар атсалысты. 

 

Өз сөзінде облыстық ҚХА төрағаының орынбасары С.Қ. Жетпісбаев: «1965 жылы Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының негізін қалаған болатын. Осы кезде қазіргі Қазақстанның негізі қаланды деп айтуға болады. Бүгін біздер ата бабаларымыздың ұлы бастамаларының жалғастырушылары болып келеміз» - деп айты.

 Сондай-ақ С.Қ. Жетпісбаев өз сөзінде Н.Ә. Назарбаевтың: «Қазақ хандығының 550-жылдығын тойлау біздер үшін, әсіресе жастар үшін өте пайдалы. Еліміздің тарихын терең зарттеп, халықтың білімін арттыру керек» - деп айтқан сөзін қайталады.

Жиын барысында Кереку өңірінің атақты ғалымдары да сөз сөйледі. Олардың қатарында:

Е.Қ.Жүсіпов, тарих ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі, С.З. Раздықов тарих ғылымдарының кандидаты, ИнЕУ доценті, Қ.Қ. Батталов, тарих ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті, Т.Н. Смагулов, ПМПИ археология орталығының директоры.

Дөңгелек үстел отырысынан кейін «Қоғамдық келісім» мекемесінің алаңында «Ұлы дала елі» мәдени тарихи экспедициясының бастауы акциясының митингі өтті. Митингтен кейін барлық қатысушылар қаладағы Баян батыр ескерткішіне бет алды. Мұнда экспидицияның символы болып саналатын күнделік Ақтоғай ауданына тапсырылды. Бұл күнделікке өңіріміздің тың тарихи мәліметтері жөніндегі деректер жазылатын болады.

Экспидиция құрамына ғалымдар, тарихшылар, археологтар енді. Экспидиция өз жолында Баянауыл ауданандағы Жасыбай батыр және Мұса Шорманұлы ескерткіштеріне, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және Бұқар Жырау кесенелеріне, Ақтоғай ауданындағы Абылай ханның ағасы Сұлтанбеттің тұрағына, Ертіс ауданындағы Абылай ханның тұрағы Ақкөл-Жайылма өңіріндегі қазақ батырларының шайқасқан жерлеріне, Екібастұз ауданындағы Бөгенбай және Қабанбай төбелеріне, Май ауданындағы Ақшиман ауылының маңындағы Олжабай, Едіге, Жалаңтөс сынды атақты батырларымыз шайқасқан «Қалмақ қырылған» жерлерін аралайды.

Павлодар облысы әкімі аппаратының

 «Қоғамдық келісім» КММ

 

медиа қамтамассыз ету бөлімі

 

Фото

2695

Фото

2696

Фото

2697

Фото

2698

Фото

2699

 

Фото

2700

Фото

2701

Фото

2702

 

Фото

2703

Фото

2704

Фото

2705

 

Фото

2706

Фото

2694