2597

 

 

Тамыздың 31 жұлдызында Павлодар қаласында Ұйғыр халқы мәдениетінің күні аясында ұлттық тағамдар фестивалі өткізілді. Той Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының  20-жылдығы мерекелерімен орайластырылды.

Тағамдар мерекесіне облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің белсенділері мен облысымыздың барлық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары шақырылды. Салт бойынша барлық қонақтарды той иесі – «Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Әрсен Тұрдиев қарсы алды.

Ас әзірлеу және тамақтану дәстүрі ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Әр ұлттың тағамдары өзіне ғана тән дәмімен, ал тамақтану дәстүрі көптеген ғұрыптарымен ерекшеленеді. Ежелден бері ұйғыр халқы ас әзірлеуге және оның дәміне ерекше көңіл бөлген. Олардың арасында еттен және дәнді дақылдардын дайындалатын тағамдардың орны ерекше болған. Сонымен қатар, ұйғыр халқының керемет қасиеттерінің ішінде қонақжайлылықты ерекше атауға болады. Үйге келген қонақтар өзімен бірге құт-береке әкеледі деп саналады. Сол себепті, қандай жағдай болса да қонақтарды ерекше ықыласпен қарсы алу тамаша дәстүрге айналған.

Бұл күні де барлығы осыған сай болды! Қонақтарды ұйғыр тағамдардың атақты аспазы Елған Маетов қуантты. Лағман, жусай және асқабақ қосылған манты, сюғаш, тілсай, белихсай және пачахсай салаттары – бұл, дастарханға қойылған тағамдардың тек бір бөлігі ғана. Мереке барысында аспаз ұйғыр тағамдарының дайындалуының қыр-сырымен, тәжірибесімен және құпияларымен бөлісті. Оның айтуы бойынша ұйғыр халқының мәзірінде лағманның орны ерекше. Осы орайда қамырды дұрыс дайындаудың маңызы зор. Барлық технологиялық талаптарға сай дайындалған қамырдан ғана нағыз ұйғыр лағманы дайын болады.

Мерекелік іс шараға Алматы қаласынан келген Қазақстан эстрадасының бірегей жұлдыздары «Дервиши» тобының қатысуы кешке ерекше сән берді. Олар барлығына таныс және барлығы сүйіп тыңдайтын әндерден шашу шашып шара қонақтарының ықыласына ие болды. Ал керемет композицияны ұлттық киімдерін киіп мың бұралған облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің «Эвришим» би тобының сұлулары толықтыра түсті.

Айта кететін жайт, Ұлттық тағамдар мейрамы бір реттік өткізілетін шара емес. Жаз аралығында Павлодарда көптеген халықтардың фестивальдері өткізілді. Олардың қатарында: қазақ, армян, неміс, белорус және өзбек халқының тағамдары күндері. Ал бүгінгі Әрсен Тұрдиев басшылығымен облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен береке, бірлік жомарттық фестивалі лайықты дәрежеде өз жалғасын тауып отыр.

 

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

 

медиа қамтамасыз ету бөлімі

 

 

Фото

2598

Фото

2599

Фото

2600

Фото

2601

Фото

2602

Фото

2603

Фото

2604

 

Фото

2605

Фото

2606

Фото

2607

Фото

2608

 

Фото

2609

Фото

2610

Фото

2611

Фото

2612

 

Фото

2613

Фото

2614

Фото

2615

Фото

 

2597