2544

15-ші тамыз күні жылсайнғы «Бір отбасында тұрамыз» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған жазғы фестивалі аясында қаламыздың орталық саябағында Тәжік мәдениетінің күні өткізілді. Шараны ұйымдастырған «Ситораи сомон» тәжік этномәдени бәрлестігі. Фестивальдық бағдарлама Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Ресбубликасы Конституциясының 20 жылдығына арналды.

 

Тәжік этномәдени бірлестігінің қатысушылары бағдарламаның көрермендері мен қонақтарына «Қауын мерекексін» ұйымдастырды. Шара аясында жиналған жұртшылыққа таулы өлке – Тәжікстан, оның астанасы Душанбе, тәжік халқының атақты адамдары, салты мен дәстүрі жайында көптеген қызықты ақпарат айтылды. Сонымен қатар, көрермендер тәжік халқының мәдениеті мен тұрмысы, қолөнерімен, музыкалық аспаптарымен, биімен, Омар Хаямның шығармаларымен танысып, тәжік халқының ұлттық асы палау мен қауыннан дәм татты.

 

Бұл күні бақша ханшайымы қауынға арнап әндер айтылды, сайыстар мен қызықты ойындар өткізілді. Павлодарлықтыр қарбыз бен қауынның көптеген пайдалы қасиеттерінен хабардар болып, ең тәтті және піскен жемісті таңдау құпияларымен танысты.                                               

 

Фестиваль қонақтары мен көрермендеріне белсенділіктері үшін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев пен «Ситораи сомон» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Хусайн Шомахмадович Гулов ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан халқына бейбіт ғұмыр тіледі.

 

       

 

          

 

Павлодар облысы әкімі аппаратының

 

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамтамасыз ету бөлімі

 

 

Фото

2545

Фото

2546

Фото

2547

Фото

2548

Фото

2549

Фото

2550

Фото

2551

Фото

2552

Фото

2553

Фото

2554

Фото

2555

Фото

2556

Фото

2557

Фото

2558

Фото

2559

Фото

2560

Фото

2561

Фото

2562

Фото

2544

Фото

2563

Фото

2564

Фото

2565

Фото

2566