Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақ радиосы проза және поэзия жанрында қалам тартып жүрген жасөспірім таланттарды іздейді. «Менің елім – мәңгілік ел» атты республикалық  радиобайқауына  еліміздегі жоғары сынып оқушылары қатыса алады. Жазылған новелла, эссе  болмаса өлеңдеріңізді мына мекенжайға жолдаңыздар: Астана қаласы. Д.Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа орталығы», Қазақ радиосы.

Толық ақпарат алу үшін 55-37-79 телефонына хабарласыңыз. Астана қоды: 8 (7172). Байқаудың ережесі «Қазақстан» РТРК Қазақ радиосының www.kazradio.kaztrk.kz  және Қазақстан халқы  Асссамблеясының  www.assembly.kz  веб-сайттарында жарияланған.

«Менің елім – мәңгілік ел» радиобайқауы таланттарды тосады. Арманыңа асық,  оқушы дос!