2506

 

«Қымызмұрындық» мейрамының жалғасы «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» «Мың бала» атты республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өзге ұлт өкілдері балаларының арасында мемлекеттік тілге байлынысты байқау ұйымдастырылды.

Оған аймағымыздағы өзге ұлт өкілдерінің 7 мен 17 жас аралығындағы 16 бала қатысты. Олар мемлекеттік тілде өздерін таныстырып, қазақ халқының тарихы туралы қойылған сауалдарға жауап берді, қазақ ән-билерін орындап, өнер көрсетті және үй тапсырмасы – «Мемлекеттік тілді білу қажеттілігі» туралы шығарма жазудан өзара бақ сынасты. Балалар жақсы дайындықпен келген екен. «Ұлтым татар болғанмен жаным қазақ» деп толғанаған баянауылдық Ханифа Даутова, өзін таныстыруды домбырамен тамылжытқан качирлік орыс қызы Лаура Торгашина, қазақ тілінде таза, еркін сөйлеген екібастұздық орыс қызы Аделина Овчаренко, Успедегі қазақ мектебінде оқитын тілі жатық украин қызы Ангелина Топтун, «қасиетті қазақтың жиенімін» деп еркелеген Павлодар ауданынан келген неміс баласы Алияна Браун, жалпы байқауға қатысқан талапкерлердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен көріне білді. Ұлты армян Каринэ Степанян да әншілік өнерімен көзге түсті. Балалардың қазақ тілі туралы жазған шығармалары да жақсы бағаланды. Үздік шыққан туындылар «Сарыарқа самалы» газетінің «Айналайын»қосымшасында жарық көретіндігі жария етілді.

Байқау қорытындсында екібастұздық Аделина Овчаренко 1 орын, качирлік орыс қызы Лаура Торгашина мен успендік украин баласы Ангелина Топтун 2 орын, армян қызы Каринэ Степанян мен  баянауылдық орыс қызы Ангелина Николаенко 3 орынды иеленді. Әскери киім киіп патриоттық ән шырқаған 9 жасар шарбақтылық орыс баласы Нажежда Шишкина «Көрермендер көзайымы» атанды. Байқаудың жүлдегерлері мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар тапсырылды. Бәрінен үздік шыққан Аделина Овчаренко Астанада ұйымдастырылатын республикалық «Мың бала» байқауына қатысатын болады.

Осылайша, қазақ тілін, тарихын, өнерін жақсы білетін өзге ұлт балаларының мерейі үстем болды. Жұртшылық Қымызмұрындық мерекесін ұйымдастырғандарға ризашылық білдірді.

 

Рымкеш ХАМИТҚЫЗЫ, Ақсу қаласы Мұсылман әйелдері лигасының төрайымы, Ақсу қаласының Құрметті азаматы:

Қымызмұрындық-қазақтың қонақжайлылығын көрсететін ықылым заманнан бүгінге жеткен тамаша дәстүр. Ұлтымыздың берекелі, ырыздықты дастарқан молшылығы паш етіледі. Біз, ақсулықтар, алдағы жылда осы мейрамды қалада өзіміз де ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

 

 

Сая Молдайып,

«Сарыарқа самалы»

Павлодар облыстық газеті

 

 

Фото

2507

Фото

2508

Фото

2509

Фото

2510

Фото

2511

 

Фото

2512

Фото

2513

Фото

2514

 

Фото

2515

Фото

2516

Фото

2517

 

Фото

2518

Фото

2519

Фото

2520

 

Фото

2521

Фото

2522

Фото

2523

 

Фото

2524

Фото

2525

Фото

2526

 

Фото

2527

Фото

2528

Фото

2529

 

Фото

2530

Фото

2531

Фото

2532

 

Фото

2533

Фото

2534

Фото

2535

 

Фото

2506