2473

 

Тамыздың 6-шы жұлдызында «Достық» концерттік залы әзіл әлеміне саяхат жасауға ниетті көрермендерге лық толды. Бұл күні Ингуш Республикасының Назрань қаласынан арнайы келген «Г1алг1ай сакъердам» (ингуш әзілі) атты шығармашылық ұжымның музыкалық-комедиялық қойылымы көрсетілді. Шараның ұйымдастырушысы болып «Павлодар облыстық шешен-ингуш мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігі атанды.

«Г1алг1ай сакъердам» ұжымының қойылымы қызықты әрі көңілді болды. Әзілдің, көңілді әндердің және миниатюралардың жомарт шашуы көрермендердің көңілінен шығып, ду қол шапалағына ие болды. Сахына төріндегі комедиалық образдар мен әртістердің шеберлігі бірінші минуттардан-ақ көрермендердің назарын баурап алды.

«Павлодарлықтардың алдына шығып өнер көрсету маған өте ұнады. Әзілдерімізді тек шешен мен ингуштар ғана емес, тілімізді түсінбесе де, басқа этномәдени бірлестіктердің мүшелері өте жақсы қабылдады. Ең бастысы барлық көрермендерге ақжарқын көңіл-күй сыйлай алдық» - деп концерт соңында Муса Бекханович Чахкиев өз әсерімен бөлісті.

Өз алдында шығармашылық ұжымның жетекшісі Айсет Иссаевна Шанхоева болашақта ұжым гастрольдық сапары аясында Павлодарға қайта келетінін тілге тиек етті.

 

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

 

медиа қамту бөлімі

 

 

Фото

2474

Фото

2475

Фото

2476

Фото

2477

Фото

2478

Фото

2479

Фото

2480

 

Фото

2481

Фото

2482

Фото

2473

Фото

2483

Фото

2484

Фото

2485

Фото

2486

Фото

2487

Фото

2488

Фото

2489

Фото

2490

Фото

2491

 

Фото

2492