2463Тамыз айының 2-ші жұлдызында «Достық» концерттік залында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына және ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің аймақтық кезеңі өтті. Шара нәтижесі бойынша 29-шы тамызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында Гала-концерт өткізіледі. Гала-концертте ірітеу кезеңін өткен ең озат шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсететін болады. 

Павлодар облысында өткізілген «Шекарасыз ән» шығармашылық мәресіне этномідени бірлестіктер мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің шығармашылық ұжымдары қатысты. Аймақтық іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша республикалық сайысқа келесі ұжымдар жолдама алды:

-                 Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін үш тілде орындаған кәріс этномәдени бірлестігінің «Кымпитсори» жастар вокалдық ансамбілі (шығармашылық жетекшісі – Елена Кан);

-                 Казак әндерінің республикалық және халықаралық сайыстарының лауреаты, «Шолоховская весна - 2012» фестивалінің Гран-при жүлдегері, «Хороша наша станица» әнін орындаған  Сібір казактары Одағының «Ертіс желісі» қоғамдық бірлетігінің хоры (шығармашылық жетекшісі – Вера Ковеня);

-                 «Нарыль» әнімен кәріс этномәдени бірлестігінің әншісі Елена Кан;

-                 «Эвридика» әнімен «Полония» поляк этномәдени бірлестігінің әншісі Екатерина Романенко.

Шығармашылық додада бағын сынағалы отырған барлық шығармашылық ұжымдарға сәттілік тілей отыра, Елордамыз Астана қаласында өтетін «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің жүлдегері атануларына тілектеспіз!

 Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамту бөлімі

Фото

2464

Фото

2465

Фото

2466

Фото

2467

Фото

2463