244318-19 шілде аралығында Павлодар қаласында, Ертіс өзенінің жағалауында «Ратное поле» атты тарихи семсерлесуден V халықаралық жарысы өтті. «Еуропадан Алтын Ордаға дейін» атауына ие болған ортағасырлық тарихи шайқас сайысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы мен Павлодар қаласы күні мерекелеріне орай арнайы өткізілді.

«Ратное поле» сайысы Славян мәдени орталығының белсенді мүшесі «Солтүстік мұнара» атты тарихи семсерлесу клубымен ұйымдастырылды. Сонымен қатар іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, облыс және қала әкімшілігі мұрындық болды.

Сайыстың ашылу салтанатына Славян мәдени орталығының төрағасы Кузина Татьяна Ивановна қатысып, жағалау демалушыларына, көрермендерге және қала қонақтарына құттықтау лебіздерін білдірді.

Бұл күні көрермендер спорттың ерекше түрі - «Ортағасырлық тарихи семсерлесудің» әсерлі және тартымды көріністерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Спорттың бұл түрі ортағасырлық тарихты зертеу мен қайта құруды талап етеді және бұл оның басты ерекшеліктерінің бірі болып табылаты. Жартылай кәсіптік болып табылатын спорттың бұл түрі бойынша әлемдік деңгейде чемпионаттар да ұйымдастырылады. 

 «Еуропадан Алтын Ордаға дейін» атымен мәлім тарихи семсерлесуден V халықаралық сайсына Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Павлодар командаларымен қатар Ресей Федерациясының Омбы қаласынан келген топтар да атсалысты.

Іс-шара аясындағы топтық жекпе-жектер көрермендердің ерекше ықыласына ие болды. Ал Руслан Колеевтің жетекшілігімен өткен семерлесу өнерінің көрсетілімдері, көрермендер арасындағы жекпе-жектер, Ортағасырлық тарихи семсерлесудің әлемдік чемпионатының бейнероликтері, фаер-шоу және шотланд волынкасын жетік меңгерген Олег Коноваловтың музыкалық үзілістері – барлығы, көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады.

Қаламызда өткен «Еуропадан Алтын Ордаға дейін» атты тарихи семсерлесуден V халықаралық жарыс нағыз спорт, бейбітшілік пен достықтың мерекесіне айналды.

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамту бөлімі

Фото

2444

Фото

2445

Фото

2446

Фото

2447

Фото

2448

Фото

2449

Фото

2450

Фото

2451

Фото

2452

Фото

2453

Фото

2454

Фото

2455

Фото

2456

Фото

2457

Фото

2458

Фото

2459

Фото

2443