2438С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Институционалдық бес реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадамын» түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихат жұмыстары бойынша отырыс өтті.  

Жиынға Мемлекет басшысының «Институционалдық бес реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадамын» түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі  Дана Каленова келді.

Отырыс жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА ғылыми-сараптамалық тобынның мүшелері,  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Еуразиялық инновациялық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, колледждердің басшылары және облыстық ақпараттық топ мүшелері қатысты. 

Кездесуді С. Торайғыров атындағы ПМУ даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Ақышев ашып, құжаттың маңыздылығы мен өзектілігіне баса назар аударды.

          – Біздің алдымызда Президент ұсынған  мемлекеттік құрылыстың одан арғы «100 нақты қадамы» атты ұлт жоспарын егжей-тегжей зерделеп, пысықтау міндеті тұр. Бұл дегеніңіз біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бірқатар жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіруіне бастайтын сара жол екені даусыз, – деді өз сөзінде Арман Айтмұхамбетұлы.

  Жиын барысында ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі  Дана Каленова Елбасымыз қойған 100 қадам мәселесіне тоқталып,  институционалдық бес реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадамның әлеуметтік бағыттарын айрықша атап өтті.

– Елбасының бес институционалдық реформасы – еліміздің экономикасын дамытуға бағытталған жоба. Мен өз басым ұлттың жоспары белгіленген бұл құжаттың мемлекетіміздің өркендеуіне берері көп деп білемін,  – деді Дана Жамбылқызы.

Отырыс соңында қатысушылар ЖОО мен колледж студенттеріне арналған «ҚР этностары: тарих және заманауи уақыт» оқулығын, «Мәңгілік Ел – Қазақстанның ұлттық идеясы» оқу құралын жарыққа шығару, жоғары кәсіби білім берудің ҚР МЖМБС стандартына сәйкес «Мәңгілік Ел» пәнін енгізу; елімізде тұратын әртүрлі этнос өкілдері арасындағы еңбек, ғылым, өнер, спорт саласында жетісіткке жеткен тұлғалар жайында деректі фильмдер, кітаптар, монографиялар шығару, мұнымен қоса, «Нұрлы жол – ҚР шекаралас облыстарының болашағына жол» бағдарламасының ұлттық-мемлекеттік ерекшеліктерінің қалыптасуы туралы кешенді социологиялық зерттеу жүргізу сынды ұсыныстар қабылдады. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдында өз күш-қуаты мен материалдық-техникалық базасын, әлеуеті мен білімін, жетістігін ел дамуының жаңа сатысына жетелейтін реформаны жүзеге асыру міндеті тұр. Өйткені Павлодар мемлекеттік университеті – Президенттің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға арналған еліміздегі негізгі базалық 10 жоғары оқу орнының қатарында.

С.Торайғыров ат. ПМУ баспасөз қызметі

Фото

2439Фото

2440Фото

2441Фото

2442Фото

2438