2395Қаламыздың ашық аспаны аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің шығармашылық топтары Павлодар тұрғындары мен қонақтарына өнерлерін паш етті. Орталық мәдени-демалыс саябағында және қаламыздың орталық алаңындағы ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаланы жүздеген көрермен тамашалады. Этномәдени бірлестіктердің мүшелері қазақ, орыс, грек, шешен, армян тілдерінде Отанымыздың, Евразияның жүрегі Астананы асқақтатты.

«Концертке қатысқан шығармашылық ұжымдар өздерінің өнерлерін биік дәрежеде көрсетуде, - деп, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің әншісі Галина Мацепурина өз ойымен бөлісті. – Сахынаға шыққанда мерекеге жиналған қалың жұртты көріп ерекше әсерлендім. Халық отанды, бейбіт өмірді, «Бейбітшілік қаласы» Астананы өте биік бағалайтынын көріп қуанамын. Этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының сахына төріндегі  өнері халқымыздың бірлігін нығайтуға қосқан үлесі деп санаймын. Астанамыздың мәртебесі асқақтай берсін! - деген құттықтауын білдіріп, Галина сахнаға асықты.

«Бүгінде Астанамыз арнасына жетіп, жаңарып даму үстінде. Астананың көркіне не бір өркениетті елдер таңдануда. Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамудың, қол жеткен табыстарымыздың, абырой мен беделіміздің, береке мен ынтымақтастығымыздың жарқын болашағы», -  деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде бекер айтпаған. Астана – Қазақстанның жүрегі, татулықтың тілегі мен жаңа өмірдің данасы.
Бүгінде еліміздің тірегі, жаңа ғасыр қаласы елордамыз Астананың мерейтойын барша қазақстандықтар жан-жақты тойлады.

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамту бөлімі

Фото

2396

Фото

2397

Фото

2398

Фото

2399

Фото

2400

Фото

2401

Фото

2402

Фото

2405

Фото

2406

Фото

2407

Фото

2408

Фото

2409

Фото

2410

Фото

2411

Фото

2412

Фото

2413

Фото

2414

Фото

2416

Фото

2417