2394«Бір отбасында тұрамыз» жазғы фестивалі аясында, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған чуваш мәдениетінің мерекесі 4-ші шілде күні қалалық мәдени демалыс саябағындатойланды.

Сахна төрінде әннен шашу шашылып, іс-шара конақтарына мерекелік көңіл-күй сыйланды. Фестиваль аясындағы бүгінгі думанның себептері де аз емес. Олар: ҚХА-ның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, жақындап қалған Астана күні және чуваш этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы.  

Фестиваль қонақтары мен көрермендерін чуваш этномәдени бірлестігінің төрағасы Елена Ивановна Софронова мен облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев атаулы даталармен құттықтады. Этомәдени бірлестіктің мұшелеріне ізгі тілектер айтылды. Өз құттықтау сөзнде С.Қ. Жетпісбаев чуваш этномәдени бірлестігінің ұйымдастырушысы Петр Александрович Александровты ерекше атап, бірлестіктің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Жиналған жұртшылықтың «Чуваш мәдениетінің күні» мерекесіне артқан үміті ақталды. «Сеспель» фольклорлық ансамбілінің орындауындағы әндер көрерменнің көңілінен шықты. Анамбль қатысушылары соғыс пен бейбітшілік, отан мен Астана туралы әндер айтып, мереке қонақтарын чуваш халық әндерімен, салт-дәстүлерімен таныстырды.

Чуваш халқы тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға өте бай. Ең сүйікті мерекелерінің бірі – «Уяв». «Уяв» мерекесінде ежергі чуваш мәдениеті молынан көрініс табады. Сондай-ақ қолөнер мерекесі «Синьзе», бұйра қой мерекесі «Питравкка» кеңінен аталып өтіледі.  

Чуваш халқының мәдениетімен, әндерімен және салт-дәстүрлерімен танысу арқылы Павлодарлықтар оның рухани дүниесіне бойлай алды. Сол арқылы өзінің мәдениеті мен достық көкжиектерін кеңейте алды.     

 

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамту бөлімі