1110

 Халықтар достығы мен ұлтаралық келісім – еліміздегі саяси тұрақтылықтың кепілі. Осы басты құндылығымыздың арқасында қазір Қаақстанды мекен еткен 130-дан астам ұлт тату-тәтті өмір сүріп, дәстүрлерін жаңғыртуда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Наарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жыдығы қарсаңында қолға алынған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасының эстафетасы 19-шы желтоқсанда Павлодар ауданына да жетті.

Кең ауқымды шараның басты мақсаты – елімізде тату-тәтті тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыстың татулығы мен бірлігін көрсетіп, насихаттау.

«Береке басы - бірлік» дейді халық. Ұлттық құндылығымыззақталып, жаңғырып, татулығымыз баянды болғай.

Павлодар ауданында бүгінгі күні 7 этномәдени бірлестік жұмыс жасауда. Олар: белорусс, украин, славян, шешен-ингуш, кабарда-балқар, неміс және татар бірлестіктері. Жыл сайын 15 ұлттың өкілдері аудандық және облыстық фестивальдерге қатысып, халықты мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыруда. Чернорецкий және Ольгинский, «Селяне» белорусс, славяндардың «Задоринка», «Луганочка», «Нисархо» сынды шығармашылық ұжымдары мен ансамбілдері жоғары дәрежеде өнерлерін көрсетуде.

Мәдениетті, әдет-ғұрымты, тілдерді дамыту мақсатында қолданбалы өнер туындыларының көрмелері, ұлттық аспаздық өнер сайыстары ұйымдастырылады. Жыл сайын ұлттық мәдени бірлестіктерде Наурыз, Құрбан айт, сондай ақ, Масленица, Рождество мерекелері кеңінен тойлануда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын қарсаңында ауданда кәріс және өзбек этномәдени бірлестіктерінің ашылуы жоспарланған. Осы және басқа да тақырыптар төңірегінде облыстық ҚХА мүшелері, Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Асқар Сағадатұлы Бахралиновтың, Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары Алма Жантемірқызы Қасымованың және аудандық этномәдени бірлестіктері белсенділерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде сөз қозғалды.

Достық эстафетасының тапсырылу рәсімі аудандық мәдениет үйінің сахынасында өтті. Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары Алма Жантемірқызы Қасымова мега жобаның ауданда сәтті өтуіне тілек білдіріп  Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Асқар Сағадатұлы Бахралиновқа достық алауын тапсырды.

 Әрі қарай шара Лебяжі ауданының этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдарының концертіне ұласты.

Бұл жоба маусым айында Екібастұз қаласында өз бастауын алған болатын. «Достық алауын» барлық аудандар қолдап, биік ұстай білді. Бүгін алау Павлодар ауданына тапсырылды. Жоба 2015 жылдың қаңтарында Павлодар қалсында Ақсулық өнерпаздардың үлкен концертімен аяқталады.

 

Мақсат Айтпаев

Фото

1111

Фото

1112

 

Фото

1113

Фото

1114

Фото

1115

Фото

1116

 

Фото

 

1117

 

Фото

 

1118

 

Фото

 

1119

 

Фото

 

1120

 

Фото

 

1121

 

Фото

 

1122

 

Фото

 

1123

 

Фото

 

1124

 

Фото

 

1125

 

Фото

 

1126

 

Фото

 

1127

 

Фото

 

1128

 

Фото

 

1129

 

Фото

 

1130

 

Фото

 

1131

 

Фото

 

1132

 

Фото

 

1133

 

Фото

 

1134

 

Фото

 

1135

 

Фото

 

1136

 

Фото

 

1138

 

Фото

 

1139

 

Фото

 

1141

 

Фото

 

1142

 

Фото

 

1143

 

Фото

 

1110