829 Қарашаның 30 жұлдызында  облыс этномәдени орталықтардың жастар қанаты арасында мемлекеттік тілде патриоттық әндер байқауы өтті.

Бұл байқау-фестиваль Бірінші Президент Күніне орай ұйымдастырылып,  сахнаға бірлестіктердің 13 тобы шықты. Сайыс ережесіне сәйкес шығармашылық ұжымның құрамында төрт адамнан кем болмауы керек еді.

Әділ қазылар алқасыда құрамына: облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы басшысының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Асылбек Қабылбекұлы Резуанов, облыстық жастар саясаты басқармасының патриоттық тәрбие бөлімінің жетекшісі Кұндуған Еркебулан, «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық  бірлестігі областық  филиалының  төрағасының орынбасары Бақтылы Амерғалиева, облыстық Достық үйі басшысының шығармашылық жұмыс бойынша орынбасары Мурзина А.  және  Облыстық филармонияның камералы хорының көркемдік жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері Мадина Қайырбекқызы Жармұхамбетова,  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастар бірлестіктерінің үйлесімдіру кеңесінің төрағасы Паули Элина енді.

Этномәдени орталықтарының намысын қорғаған барлық вокалдық топтар сахнадан ерекше көрінуге тырысты. Қатысушылар транспарант, ауа шарларын, нұршашуды және биді патриоттық әнмен шебер біріктіре білді. Бірақ, жақсылардың ішінде де ең озаты табылатынын естен шығаруға болмайды. Сондықтан жанды дауыспен ән орындағандардың ішінен үздігі ретінде төмендегі ұжымдар танылды:

«Ұлттық бірлікті дамытудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді кеңінен насихаттағаны үшін» атты номинациясын «Полония» поляк бірлестігінің жастары «Туған жер» әнімен жеңіп алды.

«Жаса Қазақстан» әнін Славян мәдени бірлестігінің жастары ерекше орындап берді. Әділ қазылар алқасы олардың еңбегін жоғары бағалап «Патриоттық әндерді өзіндік мәнеріне келтіріп орындағаны үшін атты номинациясын берді.

«Беларусь» бірлестігінің жастары «Толғау» әнімен «Патриоттық тақырыбын жоғары дәрежеде ашқаны және ұлттық болмысты нық танытқаны үшін» номинациясында ерекшеленді.

«Эльпида» грек этномәдени бірлестігі «Жоғары орындаушылық шеберлігін байқатқаны үшін» марапатталды.

Татар-башқұрт бірлестігінің жастары сайстың гранприін иеленіп «Қазақстандық патриотизмді тәрбиелегені, Отанға сүйіспеншілігі, жоғары орындаушылық шеберліктерін танытқандары үшін» атты басты номинациясына ие болды.

Байқаудың барлық қатысушылары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мақсат Айтпаев

 

Фото

832

Фото

830

Фото

831

Фото

833

Фото

834

Фото

835

Фото

836

Фото

837

Фото

838

Фото

839

Фото

840

Фото

841

Фото

842

Фото

843

Фото

844

Фото

845

Фото

846

Фото

847

Фото

848

Фото

849

Фото

850

Фото

851

Фото

852

Фото

854

Фото

853

Фото

915

Фото

916

Фото

Фото

855

Фото

856

Фото

857

Фото

858

Фото

860

Фото

861

Фото

862

Фото

863

Фото

864

Фото

865

Фото

866

Фото

867

Фото

869

Фото

870

Фото

871

Фото

872

Фото

873

Фото

829

Фото

874