787

 

2014 жылғы 26-шы қараша күні Бірінші Президент Күні мерекесінің қарсаңында Ертіс ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы ашылды. Филиал төрағасы аудан әкімі Нығман Құдайбергенұлы Пшембаев атанды.

 

Қоғамдық институттың ашылуына Ертіс ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Дидара Қанатқызы Қалижанова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев, «Белорусь» мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Любови Иванвна Богнат, «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрайымы Бақытжамал Шаханқызы Максилова, «Павлодар облыстық шешен-ингуш мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Шамиль Шахидович Джабраилов, «Славяне» Павлодар облыстық болгар ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Валентина Николаевна Шатова қатысты.

 

Филиалдың ашылу рәсімінде, қызыл лентаны кесе отыра, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев, филиалға елімізде бейбітшілік пен келісімді дамытуға бағытталған жемісті еңбек тіледі.

 

ҚХА филиалының ашылуына орай аудандық Мәдениет үйінде этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Өнерлерін тек аудандық шығармашылық ұжымдар ғана емес, ауылдағылар да паш етті. Олардың қатарында украин, орыс, болгар, белорус, грек, шешен-ингуш мәдениеттерінің өкілдері.

 

Мәдениет үйінің фойесінде ауданда мекен ететін түрлі ұлт өкілдерінің қолөнер туындыларна арналған бай көрме ұйымдастырылды.

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

787

 

Фото

 

788

 

Фото

 

789

 

Фото

 

790

 

Фото

 

791

 

Фото

 

792

 

Фото

 

793

 

Фото

 

795

 

Фото

 

794

 

Фото

 

796

 

Фото

 

797

 

Фото

 

798

 

Фото

 

799

 

Фото

 

800

 

Фото

 

801