778

 

23-ші қараша күні Екібастұз қаласның қоғамдық-мәдени өмірінде айтулы оқиға болды. Қалада «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылды. Шара Бірінші Президен Күнімен және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күнімен орайластырлды. Шараны ұйымдастырушы Богнат Любовь Ивановна басқаруымен жұмыс жасайтын «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі.

 

Филиалдың ашылу рәсімі қалалық «Өнер» мәдениет үйінде өтті.

 

«Бүгін Екібастұз қаласында «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылғалы отыр. Осы сәтті біздер бірнеше жыл бойы күткен едік. Бүгін, тамаша мерекелер қарсаңында, Екібастұз қаласының халқына және қала қонақтарына «Беларусь» орталығының өнерін көрсетеміз» - деп өз қуанышымен «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Богнат Любовь Ивановна бөлісті.

 

Павлодардан келген делегация өз жұмысын Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне тағзым ретінде монументке гүл шоқтарын қою рәсімінен бастады. Биыл Белорусия елінің фашисттерден босатылғанына 70 жыл толғалы отыр екен.

 

Екібастұз қаласының әкімі Айгүл Қамзатқызы Марданованың қатысуымен өткен мерекелік бағдарлама басында«Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі филиалының ашылу рәсімі өтті. Бірлестік кеңесінің шешімімен Екібастұз қаласының тұрғыны Попович Игорь Иванович филиал төрағасы болып сайланды.

 

Кейін «Біз Қазақстан халқымыз» атты өте бай әрі қызықты концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Мұнде белорусс этномәдени бірлестігінің хореографиялық және вокалдық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Белорусс тіліндегі әндермен қатар, қазақ тілінде де әндер шырқалды.

 

Богнат Любовь Ивановна, «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

 

«Қасиетті қазақ жері мұнда тұратын әрбір азаматқа бейбітшілік пен гүлденуді тілейді. Сондықтан Президентіміздің бейбітшілікті сақтаудағы идеясын насихаттауды басты парызымыз деп санаймын. Қазірде, мәдениетімізді, салтымызды, тілімізді, сонымен қатар, қазақ халқының тілін үйрену арқылы қоғам өзінің дамуында ортақ үйлесімділік табуда».

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

779

 

Фото

 

778

 

Фото

 

780

 

Фото

 

781

 

Фото

 

782

 

Фото

 

783

 

Фото

 

784

 

Фото

 

785

 

Фото

 

786