77019-шы қараша күні Павлодар облыстық «Қазақстан мұсылман әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігі Павлодар заң колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шара оқу орнының концерттік залында өтті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол» Жолдауын талқылау және насихаттау. Жиынға заң колледжінің мұғалімдері мен студенттері қатысты.

 

Өз сөзінде, «Қазақстан мұсылман әйелдер лигасы» облыстық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Максилова Бақытжамал Шаханқызы еліміздің соңғы жылдардағы жетістіктері жөнінде баяндап берді. Басты назар патриотизмге және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге аударылды. Білестік құрамындағы «Ару-Ана» әжелер ансамбілі жастарға арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын көрсетті.

 

 Шара соңында Павлодар заң колледжінің ұжымы атынан полиция майоры Мұрат Мейрамұлы Смагулов әжелегре алғысын білдіріп, жастар тәрбиесі бағытындағы жұмыстарына жеміс тіледі.

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

771

 

Фото

 

773

 

Фото

 

774

 

Фото

 

775

 

Фото

 

776

 

Фото

 

770