760

Қарашаның 18-ші жұлдызында облыстық Достық үйінде поляк этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен  Польша елінің тәуелсіздігіне арналған кеш өтті. Бұл мереке жайлы және Польша туралы көп мағлұмат алу үшін шараға этномәдени бірлестіктердің белсенділері, мектеп оқытушылары мен оқушылары қатысты.

 

Тәуелсіздік күні Польшаның ең басты ұлттық мерекесі. 1918 жылы мемлеткеттің тәуелсіздік жарияланғаннан кейін, бұл мереке жыл сайын қарашаның 11 жұлдызында тойланады. Бұл күн Польшада демалыс күні болып табылады. “Полония”  облыстық поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Свинцицкий Виталий Зифридовичтің айтуынша 11 қараша елдің барлық жерінде, әсіресе Варшава қаласында ерекше тойланады. Мұнда мерекелік әскери шеру өтеді, бұл күні поляк елінің президенті мен басқа да саяси қайраткерлердің жолдауын естуге болады. Тіпті әр қалада мерекелік кештер, концерттер, халықтық сайрандар өтеді. Мемлекеттік ғимараттраға, үйлерге, әрі көшелерге Польшаның мемлекеттік туы ілінеді.

 

Мереке барысында “Syrena” әйелдер және «Нарциз» жастар вокалдық топтарының орындауында поляк тілінде әндер айтылды. Лапурцева Полина мен Раева Жанель атақты сазгер Фредерик Шопеннің шығармаларын фортепианода ойнады. Сонымен қатар, кеш қонақтарына мерекеге байланысты фильмдер көрсетілді.

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

761

 

Фото

 

762

 

Фото

 

763

 

Фото

 

764

 

Фото

 

765

 

Фото

 

766

 

Фото

 

767

 

Фото

 

768