69813-ші қараша күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясында Шербақты ауданының мәдениет үйі халыққа лық толды. Тегін емес, өйткені мұнда Успен ауданы «Достық эстафетасын» Шарбақты ауданына тапсырғалы отыр. Бұл мейрам жөнінде халыққа шарадан бұрын хабарландырылған болатын. «Достық мерекесін» асыға күткен аудан халқы шараның көрермендері мен белсенді қатысушыларына айналды.

 

 

 

Шара басталмас бұрын облыс орталығынан, Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалы басшысының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев бастаған делегация аудандық этномәдени бірлестіктерінің белсенділерімен кездесті. Кездесу барысында облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктердің бірлескен жұмысы талқыланып, Шарбақты ауданындағы осындай ұйымдарының кейбір мәселелері көтерілді. Кездесуге белсене қатысқандар арасында Шарбақты ауданының Мұсылман әйелдер лигасының қатысушылары, татар-башқұрт, славян, шешен-ингуш, қабарда-балқар және қарашай-черкесс этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері.

 

Шарбақты ауданы бұл шараға жақсы дайындалғаны көрініп-ақ тұрды. Аудандық мәдениет үйінің холында аймақта тұратын түрлі ұлт өкілдерінің қолөнер туындыларына арналған көрме ұйымдастырылды.Тілектер жазылған альбом мәдениет үйінің сахынасында тапсырылды. Салтанатты рәсімге Успен ауданы әкімінің орынбасары  Дисюпова Альмира Амановна мен Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Негмановой Ризагуль Алексеевна қатысты.Әрі қарай шара Успен ауданының этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдарының концертіне ұласты. Сахынада өз өнерлерін «Гүлдер» би тобы, «Селяне» вокалдық тобы, Мұсылман әйелдер лигасының әжелер тобы, өзбек биімен Смагулова Лейла, «Кармазь» украин этномәдени бірлестігінің дуэті көрсетті. Қабарда-балқар этномәдени бірлестігі ұлттық биімен жиналған қауымды тамсандырса, белорусс «Сябры» бірлестігінің өкілдері ұлттық «Богач» атты салтын көрсетті.

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

699

 

Фото

 

700

 

Фото

 

701

 

Фото

 

702

 

Фото

 

703

 

Фото

 

704

 

Фото

 

705

 

Фото

 

706

 

Фото

 

707

 

Фото

 

708

 

Фото

 

709

 

Фото

 

710

 

Фото

 

711

 

Фото

 

712

 

Фото

 

713

 

Фото

 

714

 

Фото

 

715

 

Фото

 

716

 

Фото

 

717

 

Фото

 

718

 

Фото

 

719

 

Фото

 

720

 

Фото

 

721

 

Фото

 

722