599

 

«Славян мәдени орталығы» жыл сайынғы шашка ойнынан турнирді өткізді.  Бұл сайысқа 30-дан астам қатысушы атсалысты. Саны бірдей немесе одан да көп адам өз достарын қодауға, ойын барысында дұрыс қадам көрсетуге келді. Негізінен, жарыста славян, белорус, поляк және әзірбайжан бірлестіктерінің жастары бақ сынасты.

 

Достық үйінің кең холлында ойынға арналған үстелдер қойылды. Тіркеу біткен соң, жастар қызу ойынға кірісті. Александр Колодин – доданың бас қазысы әрі ұйымдастырушысы ойнаған партия нәтижелерін хаттамаға түсіруімен айналысты. Кейбір қатысушылар тым көп ойнап, жеңген-жеңілгендерді анықтай алмады. Сол себепті, сайыстан бас тартуға мәжбүр болды.

 

Екі сағатқа созылған доданың жеңімпаздары анықталды. Олардың барлығы – «Славян мәдени орталығының» мүшелері: ІІІ орын – Игорь Руденко, ІІ орын  - Валерия Стоцкая, І орынды – Андрей Сапешко иеленді.

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

600

 

Фото

 

601

 

Фото

 

602

 

Фото

 

603

 

Фото

 

604

 

Фото

 

605

 

Фото

 

606

 

Фото

 

607

 

Фото

 

608

 

Фото

 

609

 

Фото

 

599