581 Бақытжамал Максилова: «Әйел – отбасының да, мемлекеттің де тірегі»

 

«Менің елім!» атты Павлодар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының агитпойызы жұмыс жасауда.

 

Жуырда бұл бағдарламаның аясында Ақсу қаласында дөңгелек үстел өтті. Оған қала этномәдени бірлестіктерінің басшылары және белсенді тұрғындары қатысты. Ұрпақтар тәрбиелеу мәселелерін талқылауға облыстық Мұсылман-әйелдер лигасының мүшелері арнайы шақырылды.

 

Кездесу барысында жастардың патриоттық бағытта тәрбиелеуге аса назар аударылды. «Мәселен, біздің Қ. Даржуман ат.  ұлттық жаңғырту мектебінде тіл саясаты жақсы жүргізіледі. Оқушылардың ұлттық және мемлекеттік тілдерде қатынас жасауға көп көңіл бөлінеді. Олар қазақ тілі байқауларына қатысып, ылғи жоғары орындарды иеленеді», - деді облыстық Мұсылман-әйелдер лигасының төрайымы Бақытжамал Максилова.

 

Кездесуде жастарға отбасылық қатынастар дағдыларын үйрету қажеттілігін айтылды. Апайлардың сөзінше, жастарға кеңес берушілердің өз істері сөздерінен ажырамауы керек.

 

Патриотизм және отбасы құндылықтарын сақтау тақырыбы Құркөл аулында өткен концертте жалғасты. Мұсылман-әйелдер лигасы сол жерде қазақтың бәсіре салтын көрсетті.

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

582

 

Фото

 

583

 

Фото

 

584

 

Фото

 

585

 

Фото

 

586

 

Фото

 

587

 

Фото

 

588

 

Фото

 

581