22.43.122022 жылғы 11 шілдеде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Республикалық аналар кеңесінің төрайымы, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі Шанаи Назипа Ыдырысқызы Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі қонақ қатысқан арнайы жиын барысында облыс әкімінің орынбасары А. А. Құрманова «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» республикалық жобасын іске асыру шеңберінде өткізілетін іс-шаралармен таныстырды. Аталған кеңеске қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ақпарат және қоғамдық даму, білім басқармаларының басшылары, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшелері қатысты.

Сондай-ақ, Шанаи Назипа Ыдырысқызы «Open Pavlodar» фронт-офисінде, Павлодар қалалық балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығында болып, заң, психологиялық қызмет кабинеттерінің, медиатор кабинетінің жұмысымен танысып, орталықта тұратын әйелдермен әңгімелесті. Кейін ол «Ханым» оқу орталығында, павлодарлық Аналар үйінде және «Жас дәурен» жасөспірімдер үйінде болды. Аналар үйінде қонақтар облыстық «Аялы алақан» акциясы аясында «Тұсау кесу» ұлттық салт-дәстүрінің куәсі болды.«Жас дәурен» жасөспірімдер үйінде Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері бауырсақ пен самса дайындау, сондай-ақ ұлттық бас киімдер тігу және әйелдер әшекейлерін жасау бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.