9263Өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесінің басқосуы Досық үйінде өтті. Облыстық Аналар кеңесінің жыл бойы атқарылған жұмыстары қортындыланып, Ақтоғай ауданынан Аналар кеңесінің төрайымы К.Карағожинованың, ал ПавлодарауданынанБ.Тоқсанбаеваның «30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында атқарған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды.
Жалпы, елімізде белең алған пандемия уақытында өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің белсенділері ауқымды шараларды тындырды. Атап айтсақ, маска тарату, аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету, медицина қызметкерлерін қолдау және басқа да шараларды жүзеге асырды. Ауқымдыістер «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік парақшасында жарияланып отырды.
Бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырғанын, әсіресе отбасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әйел адамның жанұядағы орны, қыз бала тәрбиесі, отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғаларының белең алуы аналары мазалаған басқа да өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды. Шара соңына қарай Павлодар ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы С.Шин ауылдық округтердің әйелдерін қоғамдық шараларға тарту, Үкіметтік емес ұйымдардың гранттарын иелену, өз ауылдарында қариялар мен зейнеткерлердің уақытын тиімді пайдалану сауалдары бойынша ақыл-кеңес берді. Жалпы, осы күні  Өңірлік ҚХА Аналар кеңесі, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Медиация орталығы, Павлодар облысы Кәсіпкер әйелдер қауымдастығы және арасында үш жақты әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.Шара соңында елді-мекеннен келген аналар Д.П.Багаевтың музей-үйіне  жас фотограф Р.Ануарбековтың «Қазақстандықтар» атты фотокөрмесін тамашалап, үлкен әсермен үйлеріне тарасты.

Фото

9263

Фото

9264

Фото

9265

Фото

9266

Фото

9267

Фото

9268

Фото

9269

Фото

9270

Фото

9271

Фото

9272