9231Өңірлік ассамблеяның «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігі ақ жаулықты аналары мен келіндер тобы, өнерлі балалары бүгін Павлодар қаласының көрнекті жерлерінде орналасқан Абай ескерткіші, С. Торайғыров, Қ.Сәтпаев ескерткіші және Мәңгілік алауға барып құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойды.
Қазақтың Ұлы ақыны Абайды бүкіл туған елі мақтан етсе, заманының тарланы, жас ақын – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңін білмейтін жас жоқ шығар. Есімі әлемге әйгілі жерлесіміз ғалым, геолог, қоғам қайраткері Қ.Сәтпаевтың өмір жолы, қызметі әрқашан үлгі-өнеге. Өткен жылы Павлодар қаласының орталық көшесінде бой көтерген Абай ескерткіші барша жерлестердің мақтанышына айланғанын білеміз.
Ұлттық сана мен тәлім-тәрбиені насихаттауды өздеріне мақсат еткен «НҰР АНА әлемі» ҚБ мүшелері осы күні қазақ елінің біртуар азаматтарының ескерткішіне барып, бастарын иіп тағзым етті. Сонымен қатар бұл шерудің соңғы нысаны мәңгілік от жанында құран оқылып, елімізді фашизм басқыншыларынан құтқарған батыр ұлдарымыздың рухына бас иіп, гүл шоқтарын қойды.
«Өткенімізді ұлықтау, тарихымызды зерделеу – бүгінгі күннің еншісінде, осындай игі шаралардың жас буынға берері көп» - дейді қоғамдық бірлестіктің төрайымы Б.Максилова.

Фото

9231

Фото

9232

Фото

9233

Фото

9234

Фото

9235