9178Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында, Розовка, Луганск, Новочерноярка, Успенка, Шарбақты және Тереңкөл ауылдарында неміс тілін үйренгісі келетін жандар Гете мен Шиллердің тілін оқи алады. Неміс тілін оқыту курстары «Возрождение» облыстық қоғамдық бірлестігі жанында тегін негізде жұмыс істейді.
Неміс тілі курстарының куратор-әдіскері Надежда Степанова курстарға кез келген адам жазыла алатынын, ал тіл үйренуді ынталандыру үшін тыңдаушының шет тілін меңгерудің мақсатын түсініп, артықшылықтарын түсінуі қажет екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта облыста ересектер мен балаларға арналған 54 үйірме жұмыс істейді. Өткен жылдың соңғы тоқсанында Павлодарда тыңдаушылар үшін 24 төрт үйірме, оның ішінде 11 балалар және 14 ересектер үйірмесі жұмыс істеді.
- Неміс тілі Еуропаның көп елдерінде қолданылады, - дейді Надежда Степанова. - Неміс тілін білу арқылы Германияда білім алуға, неміс компанияларында мансап құруға, туристік бизнесте жұмыс табуға көмектеседі.
Сондай-ақ, Надежда Степанова тілді үйренуге ынталандыруда тек таңдалған оқыту әдістері ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің тұлғасы да маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Надежда Степанова тәжірибелі педагог. 1982 жылдан бастап Павлодар педагогикалық институтының шет тілдері кафедрасында жұмыс істеп, кейін неміс тілі кафедрасына ауысты.
- Мен педагогиканы емес, шет тілдерін таңдадым және аудармашы болуды армандадым, - дейді Надежда Степанова. - Университет кафедрасында біз Павлодар облысына арналған неміс тілінің педагог кадрларын даярлаумен айналыстық. 1996 жылдан бастап пединститутта жұмыс істеумен қатар, Павлодар облыстық «Возрождение» немістер қоғамында неміс тілі курстарында сабақ бере бастадым. 2002 жылдан бері осы курстардың куратор-әдіскерімін.
«Возрождение» бірлестігі Алматы қаласындағы Гете Институтымен ынтымақтасатық орнатып, курс оқытушылары семинарларда біліктіліктерін арттыратуға мүмкіндік алды. Қазіргі кезде семинарлар онлайн режимде өтіп жатыр.

Фото: http://wiedergeburt.kz/

Фото

9178

Фото

9179