9176Жақын күндері жарық көрген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын теледидар көрермендеріне жеткізуге мүмкіндік туды.
Бүгін Павлодар облыстық «НҰР АНА әлемі» ҚБ төрайымы облыстық «Ertis»телеарнасының тікелей эфиріндегі «Ертіс таңы» таңғы бағдарламасына қатысып, мақаланы оқығаннан кейін түйген ойларымен бөлісті.
Баршаңызға белгілі аталған мақаладаәр қазақтың көкейінде жүрген көптеген бірқатар мәселелерқозғалды. Жалпы, материалтөрт тараудан тұрады. Әрбір тарау қабылдауға жеңіл, халыққа түсінікті тілде жеткізілген.
Ертіс-Баян өңірінің зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, соның ішінде өңірлік ассамблея мүшелері бұл мақаланы терең зерделеп қана қоймай, жалпы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын  жалғастырып келеді.

Фото

9176

Фото

9177