ПрезидентСонау Алтайдан Атырауға  дейін тұлпар шапса- тұяғы тозатын, сұңқар ұшса-қанаты талатын байтақ жерге иелік етіп қалған қазақ елінің алға қойған мақсаты айқын, болашағы жарқын.
Сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған еліміз - міне биыл егемендіктің 30 жылдығын атап өтпек. Президентіміз  Қ.К.Тоқаевтың мазмұнды мақаласында қазақ үшін киелі ұғымдар нақты анықталған. Байтақ жер, тіл, береке мен бірлік. Заман талабына сай қазақ елі ұлттық болмысын ұстанып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып, аумақтық тұтастықты сақтай отырып әрі қарай дами береді деген сөз.
Жаһандану үрдісі біздің жастардың қаншама тілді еркін меңгеріп, шетел асуына жол ашты. Алайда, ұлттық болмыс, ұлттық өзек, ұлттық код біздің қанымыздағы қасиет. Мемлекеттік тілді білу- әр саналы азаматтың міндеті, қазақ өзін таныса, салт-дәстүрді зерделесе, оны келер ұрпаққа қалдырсақ – мұратымыздың орындалғаны.
Сондықтан менің ойымша, қазақ тілін меңгеру, әдебиет пен тарихты дамыту, қандастарымызды елімізге тарту – баршамыздың көкейімізде жүрген өзекті мәселелер. Біздер ақсақалдар, осы мақаланы оқи отырып, бұл міндеттер жүйелі түрде, кезең-кезеңмен іске асса деп сенеміз. Өз тарапымыздан бір ауыздан  қолдаймыз!  

Павлодар облысы ҚХА
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
Павлодар облыстық филиалының төрағасы
Социал Әйтенов

Фото

Президент

Фото

Социал Айтенов