88442020 жылғы ақпанның 10 жұлдызында Достық үйінде ҚХА «НҰР-АНА әлемі» ҚБ-нің бастамасымен ұлы ақын, қазақ поэзиясының майталманы – Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы құрметіне «Өлең сөздің патшасы» атты әдеби-танымдық эстафетасы бастау алды.
Іс-шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертер көрме ұйымдастырылды. Аталмыш жоба жазушы шығармаларының философиясын және өмірбаянын көпшілікке паш етіп, дәріптеуге бағытталған және эстафета тізгінін этномәдени бірлестіктерге кезектесіп тапсыру арқылы жүзеге асырылды.
Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу жылы Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заман тарихына алтын әріптермен жазылған. Ұлы даланың ұлы, қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың есімі қазіргі уақытта бүкіл әлемге белгілі. Оның өлеңдері мен әндері, философиялық көзқарастары, сөздері мен ойлары ондаған ұрпақтардың жаны мен жүрегінен үн таба алады.
Бүгін, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының шаңырағының астында "Нұр - Ана әлемі" қоғамдық бірлестігі қамқорлығымен эстафета басталып, "Эльбрус" кабардин - балқар және қарашай-шеркес этномәдени бірлестігіне берілді. Бұл біздің барлығымыз түрлі этностардың өкілдері, Қазақстанның біртұтас халқы екенін тағы да көрсетеді!

Фото

8844

Фото

8845

Фото

8846

Фото

8847

Фото

8848

Фото

8849

Фото

8850

Фото

8851

Фото

8852

Фото

8853

Фото

8854

Фото

8855