838510 қыркүйек сағат 11.00- де «Қоғамдық келісім» КММ-де акт залында Жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Оның мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясына, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету.
Диктант тақырыбы «2019 – Жастар жылына» арналады. Диктант міндеттері: тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  стратегиялық мақаласында аталған заман талабына сай жаңа қазақ әліпбиін қолданудың маңыздылығын қоғам санасына сіңіру; Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту; қатысушыларға  қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру; сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту.
Жалпықазақстандық ашық диктантқа этномәдени бірлестіктердің өкілдері; жастар ұйымдарының өкілдері; мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер; қоғам қайраткерлері; студенттер және барлық ниет білдірушілер қатысты.

Фото

8385

Фото

8386

Фото

8387

Фото

8388

Фото

8389

Фото

8390