8080Қ.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі жазғы мектеп жанындағы «Бірлік» лагерінің есігін айқара ашып, 100-ден астам кішкентай достарын қарсы алды!
Жыл сайын мектеп педагогтары балалардың демалыс уақыттарын тиімді өткізу мақсатында шығармашылық алаңдар құрылып, алуан-түрлі шаралар мен  ойын-сауық, концерттер мен байқаулар ұйымдастырады. Биыл мектеп көлемінде балаларды «Алтын қазына», «Дауыс», «Қызықты зертхана», «Олимпииские игры»  сынды жаңа жобалар, кездесулер күтіп тұр. Қала аумағында  жалпы білім беру мектептері арасында «Поликультурный вернисаж» жобасын өткізу жоспарлануда.  Жалпы мектеп жобалары мен шаралары балалар мен жас өспірімдер арасында  қазақстандық патриотизм мен толлеранттылық қасиеттерін қалыптастырып, Ертіс өңірі этностарының мәдени және рухани құндылықтарын дамыту және сақтау мақсатында іске асырылады.
Жазғы демалысты көптен күтіп сағынған балалақайлар   бірінші күнді тәрбиешілерімен бірге концерттік бағдарлама және "Квест ойынымен" бастады. Әр аялдамада балалар музыкалық білім, асық ойнау, логика, шығармашылық, бірлік және тапқырлыққа сыналды. Балақайлар жағымды көңіл-күй мен алғыс хаттар  және медальдерге  ие болды. Қонаққа келген 4 мектеп оқушылары мен тәрбиешілері мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Бұл мерекелі күні бізбен бірге ата-аналар мен Павлодар облысы ҚХА мүшелері де болып, балақайларды құттықтады.
Маусым айы бойы мектеп өз тәрбиеленушілерімен қатар қала мектептірінің оқушыларын   қабылдап, қала бойынша балалардың жазғы уақытын ұтымды өткізулеріне ат салысады.  Шілде және тамыз айларына да жоспарларымыз аз емес. Ұлттық бөлімшелер «Живем в семье единой» жазғы облыстық фестиваліне қызу дайындық үстінде.
Өткізілетін  түрлі бағдарламалар нәтижесінде жаз бойы балалардың демалысы мен бос уақытын  максималды түрде қамту күтілуде.

Лагерь жетекшісі: Б.Айтжанова

Фото

8080

Фото

8081

Фото

8082

Фото

8083

Фото

8084

Фото

8085