7688Наурыз айының соңғы күнінде «Қоғамдық келісім» мекемесінде облыстық «Беларусь» этномәдени бірлестігі «Гуканне вясны» мерекесін қарсы алды.  «Көктемді шақыру» - бұл белорус халқының бірінші көктем мерекесі. Осы уақытта құстар келіп, көктемді өз қанаттарында әкеледі деген сенім бар.
Өздерінің құттықтау сөзімен Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы мен облыстық «Беларусь» этномәдени бірлестігінің төрайымы Богнат Людмила Ивановна шықты. Олар барлық жиналған қауымды көктем мерекесімен құттықтап, әр үйге жылу, жайлылық пен амандық тіледі. Соған қоса, Сейсембай Қалижанұлы Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенконың белорус орталығының төрағасы Богнат Любовь Ивановнаның және орталықтың атына арнайы жолдаған құттықтау хатын салтанатты түрде табыс етті.
Осы күні көктемді қарсы алу мерекесі өте көңілді өтті. Мерекелік бағдарламаға балалар да, үлкендер де бірдей қатысты.  Қонақтарға мен көрермендерге құстарға ұқсас «жаворанки» деп аталатын тоқаштар таратылды. Көрермендер өздерінің тілектерін айтып, дәстүрге сәйкес ағашқа қағаздан жасалған құстарды ілді.
Балалар ән айтып, би билеп, өлең оқып  көрермендерді қуантты. Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің балалары көктем туралы әдемі тақпақтар айтты. Ал «Крыницы», «Жаураначек», «Пралески», «Надзея», «Падарунки», «Зорачка» ансамбльдерінің орындауындағы әндер мен билер көрермендердің жүрегін баурап алды.

Фото

7688

Фото

7689

Фото

7690

Фото

7691

Фото

7692

Фото

7693

Фото

7694

Фото

7695

Фото

7696

Фото

7697

Фото

7698

Фото

7699

Фото

7700

Фото

7701

Фото

7702

Фото

7703

Фото

7704

Фото

7705

Фото

7706

Фото

7707

Фото

7708

Фото

7709

Фото

7710

Фото

7711

Фото

7712