7541«Достық» үйінде Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Нұр Ана әлемі» бірлестігінің бастамасымен «Наурыз fest» жобасы шеңберінде Амал мерекесі аталып өтті. «Нұр Ана әлемі» ҚБ-нің төрайымы Бақытжамал Максилова биылғы жылы Наурыз мерекесін ерекше атап өту жоспарланып отырғанын айтады.
- 14-22 наурыз аралығында ата-бабаларымыздан қалған дәстүрді жаңғырту арқылы жастарға үлгі көрсету мақсатында әр күнді ерекше өткізуді жөн көрдік, - дейді Бақытжамал Максилова. - Мысалы, 14 наурыз күніне «Қауышу күні» атауы беріліп, бір-біріне өкпе-реніші бар жандар кешірімділік танытады. Қазақтың танымы бойынша бұл көктемнің алғашқы күні. Жұлдызды күнтізбе бойынша Күннің Тоқты шоқжұлдызына таяп келуінен жыл маусымы ауысады. Алыстағы адамдар телефон шалып хабарласып, бір-бірімен төс қағыстырады.
15 наурыз - «Тағзым күні» оқушылар өздері дайындаған сыйлықтарын алақан белгісімен балалар үйіне табыстайды. 16-сы «Алас күні» үйде, далада, жұмыстағы кабинеттерде тазалық ұйымдастырады. 17-сі -«Шаттық күні», 18-і - «Береке күні», 19-ы - «Өніс күні», 20-сы - «Жайнау күні», 21-і – «Үйлесім күні».
Биыл алғаш рет Наурыз мерекесіне орай Жаңа жылдың нышаны ретінде Жолтерек жасадық. Осылайша, әр күннің өз берекесі бар екенін жастардың санасына жеткізуге тырыстық.
Мерекелік думанға келген М.Катаев атындағы оқушылар сарайынан «Қаламгер» жас тілшілер студиясы, № 25 ЖОББ мектебінің оқушылары және жастар бастамаларын дамыту орталығының жастары ақ дастархан басында ұлттық тағамдардан дәм ұсынып, қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс дайындады.
- Біздің «Жас екпін» музыкалық ансамбліміз домбырамен күй орындайды, - дейді М.Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері Әсем Айыпова. - Наурыз мерекесінің нышандары мен Наурыз көже ішу дәстүрі көрсетіліп, кәдесыйлар таратылды. Қыздарымыз кесте тігіп әкелді. Көктем мезгілі басталған соң адамзаттың алдында тұрған басты парыздарының бірі – ағаш егу. Наурызды тойлаудың өзіндік дәстүрі бар.
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын көрісуден бастап, бүкіл ауыл-ел болып, тазаланған арықтарға су жіберген, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізген. Сондықтан «Ағаш егу» көрінісін ұсындық.

Ақбота Сейсенбаева
pavlodarnews.kz

Фото

7541

Фото

7542

Фото

7543

Фото

7544

Фото

7545

Фото

7546

Фото

7547

Фото

7548

Фото

7549

Фото

7550

Фото

7551

Фото

7552

Фото

7553

Фото

7554

Фото

7555

Фото

7556

Фото

7557

Фото

7558

Фото

7559

Фото

7560