735024 ақпан күні Достық үйінде Славян мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Бәрімізге ортақ Пушкин» атты танымал аққынның шығармаларын әр түрлі тілдерде мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Іс-шара Александр Сергеевич Пушкиннің 220 жылдығына орайластырылды. Бүкіл әлемге танымал ақынның еңбектері көптеген тілдерге, оның ішінде эсперанто тіліне де аударылған, ал «Жадымда ғажап сол бiр кез» атты өлеңі әлемнің 210 тілінде жатық көрді.
- Екі ғасыр бойы Пушкин көптеген адамдарға қажет екендігін дәлелдеді. Александр Сергеевич – әлемдік деңгейдегі адам, ұлы ақын. Ол әлемнің көптеген елдерінде танымал және оқырмандарының сүйіктісі болып табылады, - деп атап өтті іс-шараның ұйымдастырушысы Наталья Колодина.
«Бәрімізге ортақ Пушкин» конкурсына Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары атсалысты. Байқаудың талаптарына сәйкес, әр қатысушы Пушкинның өлеңін екі тілде мәнерлеп оқуы тиіс еді. Оның біріншісі орыс тілінде, ал екіншісі – өз тілінде. Қазылар алқасы 10 ұпайлық жүйе бойынша қатысушылардың дайындық деңгейін саралаған болатын.
Іс-шара барысында Пушкиннің өлеңдері румын-молдова, украин, қазақ, неміс, қытай, шешен, корей, ағылшын тілдеріндегі оқылды.
Байқау қорытындысы бойынша Гран-при Максим Берековқа бұйырды; 3 орынды Туник Анастасия, Перепенко Полина, Сарсенбаева Нурия иеленді; 2 орын – Капенова Гузель мен Кудинова Аннаға, ал 1 орынды Рыспаева Адина және Бакланова Кристина иеленді.

Фото

7350

Фото

7351

Фото

7352

Фото

7353

Фото

7354

Фото

7355

Фото

7356

Фото

7357

Фото

7358

Фото

7359

Фото

7360

Фото

7361