7325Жуырда Павлодар қаласының Достық үйінде ай күнтізбесі бойынша корей халқының Жаңа жылы аталып өтті. Ол Сольналь деп аталады.
Сольналь – ай күнтізбесінің бірінші айының бірінші күні аталып өтетеін мереке. Мерекенің нақты күні жоқ, себебі ол күнтізбеге тікелей байланысты. Іс-шараға облыстық ҚХА-ның өкілдері, облыстың этномәдени бірлестіктерінің төрағалары,  «Надежда» шіркеуінің пасторы Ким Сонг Су, ҚХА жастар қанатының өкілдері, Қ.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары мен мұғалімдері, ата-аналар қатысты.
Сольналь – Кореядағы ең құрметті мейрамдардың бірі. Адамдар бұл күнді көктемнің келуімен, табиғаттың жаңа өмірге дайындалғанымен байланыстырады.
Корей этномәдени бірлестігі мереке барысында көңілді ойындар мен викториналар, әдемі әндер мен билерді, театрландырылған қойылымдар дайындады. Сондай-ақ бағдарламада корей халқының чхарэ деп аталатын дәстүрлі салты көрсетілді.  Чхарэ салтының негізгі мәні адамдардың ата-бабаларға көрсетілетін тағзымы мен олардың қорғауын алу болып табылады. Дәстүр бойынша, барлық қонақтар корейлік кадюриден дәмін татты.
Қызықты дайындалған бағдарлама барысында «Хэт пит» вокалдық тобы, «Анен» хореографиялық ансамбілі, «Кымпитсори» және «Кобын адыри» вокалдық топтары, «Dope» заманауи би ансамбілі және Диляра Бекетова - Ефремовка корейлік ЭМБ-нің әншісінің әдемі әндер мен билерді орындады. Балаларға тәтті сыйлықтар берілді. Ал, кәріс этномәдени бірлестігінің мұғалімдері мен белсенділеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Мерекені барлық қонақтар мен қатысушылар бірігіп, Сольналдың дәстүрлі «Кангангсулле» биімен аяқтады.

Фото

7325

Фото

7326

Фото

7327

Фото

7328

Фото

7329

Фото

7330

Фото

7331

Фото

7332

Фото

7333

Фото

7334

Фото

7335

Фото

7336

Фото

7337

Фото

7338